Жаңалықтар

27.11.2015 | «ТҰҢҒЫШ-ПЕРВЫЙ» онкүндігінің бесінші күні

Елбасы кітапханасында өткізіліп жатқан «ТҰҢҒЫШ-ПЕРВЫЙ» деректі фильмдер онкүндігінің бесінші күнінде Р.Әбдрашевтың «Балалық шағымның аспаны» туындысы көрсетілді. Киноэпопея Н.Ә. Назарбаевтың естеліктерінен жинақталған балалалық шағы туралы баяндайды.  

26.11.2015 | «ТҰҢҒЫШ-ПЕРВЫЙ» онкүндігінің төртінші күні

Бүгін, 26 қараша күні Елбасы кітапханасында өткізіліп жатқан «ТҰҢҒЫШ-ПЕРВЫЙ» деректі фильмдер онкүндігінің төртінші күнінде «Нұрлы жол – лучи единства» туындысы көрсетілді.

26.11.2015 | «Әлем қадірлеген Елбасы» шетел мемлекеттерінің жоғары наградалар көрмесі

26 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында салтанатты түрде «Әлем қадірлеген Елбасы» атты  шетел мемлекеттерінің жоғары наградалар көрмесі ашылды.    

26.11.2015 | «Bolashak business cases» атты қазақстандық тұңғыш бизнес-кейстер жинағының тұсаукесері өтті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында «Bolashak business cases» атты тұңғыш қазақстандық бизнес-кейстер жинағының тұсаукесері өтті. Тұсаукесер шараның ұйымдастырушылары мен серіктестері: «Байтерек» холдингінің қолдауымен «Болашақ» Қауымдастығы, Almaty Management University және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы. Бас демеуші – «Bank RBK» АҚ.

26.11.2015 | Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент – Елбасы қорының басшылығымен кездесті

www.akorda.kz Кездесу барысында Елбасы Қордың биылғы қызметінің қорытындылары туралы есепті тыңдады. Нұрсұлтан Назарбаевқа жүзеге асырылып жатқан жобалар мен мекеменің орта мерзімге арналған жоспарлары да таныстырылды.

26.11.2015 | «Көңілдің асыл пернесі: Н.Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығы»

2015 жылдың 26 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған «Көңілдің асыл пернесі: Н.Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығы» тұңғыш жалпықалалық шығармашылық байқауының қорытынды кезеңі мен жеңімпаздарын марапаттау өткізілді. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі әзірлеген арнайы жоба Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымымен бірлесіп жүзеге асырылды. Байқауды өткізудің негізгі міндеттері:

25.11.2015 | Алматы және Қостанай қалаларының болашақ ұстаздары Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бойынша білімін жетілдірді

25 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты студенттері «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренингтен өтті.

25.11.2015 | «ТҰҢҒЫШ-ПЕРВЫЙ» кино онкүндігінің үшінші күніне қорытынды

Елбасы кітапханасында «ТҰҢҒЫШ-ПЕРВЫЙ» атты деректі фильмдер онкүндігі жалғасуда. 25 қараша күні көрерменге «Нұрлы жол – бірлік шұғыласы» туындысы көрсетілді. Бұл деректі фильм жыл сайын Қазақстан халқына жасалатын Президент Жолдаунда айтылған елдің жаңа экономикалық саясаты туралы. Қазақстандықтар жаһандық экономиканың диагнозын естіп қана қоймай Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынған нақты іс жоспарымен танысты.  

25.11.2015 | «Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент» және «Елбасы жолы» атты екі кітап көрмесінің ашылу рәсімі өтті

25 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент» және «Елбасы жолы» атты екі кітап көрмесінің ашылу рәсімі өтті.

25.11.2015 | Қараша 2015

2015 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Лекторий кестесіне сәйкес келесі шаралар өткізілді: Дәрістер: – «Қазақстан Республикасында құқықтық сана мен мәдениет қалыптастыру»; – «Қазақстан халқы Ассамблеясы және ұлтаралық қатынас»; –  «Жастар және дәстүрлі емес діни ұйымдар»; –  «Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қазақ мемлекеттілігі».

Беттер