09.12.2014 | «Әлемді өзгертетін идеялар» Республикалық Байқауының қорытындысы шығарылды

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасының кітапханасы «Әлемді өзгертетін идеялар» атты республикалық байқау ұйымдастырды.       Сайыс «Назарбаев зияткерлік мектептері»  дербес білім беру ұйымы мен  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне қарасты республикалық мектеп-интернаттары арасында өткізілді.

08.12.2014 | Қазақстанның ұстаздар қауымы Елбасының «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатына қолдау білдірді

Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні халқына арнаған «Тәуелсіздік толғауы» қазақстандықтарға қайрат-жігер берді. Н.Ә. Назарбаевтың сарқылмас идеяларына және бастамаларына толы толғауды қолдау мақсатымен Елбасының Кітапханасы Қазақстан бойынша тұңғыш рет алқалы жиын ұйымдастырды.

26.11.2014 | Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

  2014 жылдың 25 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

25.11.2014 | Мемлекет басшылары Тұңғыш Президент кітапханасына барды

25.11.2014 http://www.akorda.kz/ Қазақстанға ресми сапармен келген Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімов Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге Тұңғыш Президент кітапханасында болып, оның жұмысымен танысты. Мемлекет басшыларына негізгі залдар мен маңызды экспозициялар, сондай-ақ «мобильді кітапхана» қызметі көрсетілді.

18.11.2014 | «Әлемді өзгертетін идеялар» дөңгелек үстелі

18.11.2014 ж Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін атап өту қарсаңында Елбасының Кітапханасы Білім және ғылым министрлігімен біріге отырып, «Әлемді өзгертетін идеялар» дөңгелек үстел өткізді. Шара ұйымдастырушылары online режимінде мұғалімдермен тәжірибе алмасты. Дөңгелек үстел жұмысына Астана, Алматы және облыс педагогтары, жалпы саны 5 мыңнан астам мұғалім қатысты.

10.11.2014 | Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында болды

А.Ш. Атамбаевтың мемлекеттік сапары аясында Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында болды. Айта кету керек, биыл ашылған Елбасының Кітапханасы қоғамдық өмірде өз орнын алып үлгергерді.

Беттер