Жаңалықтар

01.06.2016 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ «БОЛАШАҚ АСТАНА БАЛАЛАР КӨЗІМЕН» СУРЕТТЕР КӨРМЕСІН ӨТКІЗЕДІ

Елбасы кітапханасы «Болашақ Астана балалар көзімен» көрмесіне қатыстыру үшін балалардың суреттерін қабылдауды бастады. Көрме Астана күніне арналған іс-шаралар шеңберінде 2016 жылдың 1 мен 30 шілдесі аралығында жұмыс істейді. Шығармашылық шарасы өскелең ұрпақ ортасында патриоттық пен азаматтылықты қалыптастыруға, ұлттық мақтаныш сезім мен мәдени мұраға сыйластық, туған қаласы – Астанаға деген сүйіспеншілік сияқты бірқатар тәрбиелік міндеттерді шешуге бағытталған.

01.06.2016 | «ҚАЗАҚСТАНДА КАНАДАЛЫҚ ҮЛГІНІ ҚОЛДАНУ» МАҚАЛАЛАР БАЙҚАУЫ

Мемлекетті басқарудың канадалық үлгілері бойынша Қазақстанда экономика және әлеуметтік дамуды салыстырмалы зерттеу саласындағы бірлескен Қазақстан-Канада конференциясы қарсаңында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы мен Қазақстандағы Канада елшілігі бірлесңп, төмендегідей тақырыптарда мақалалар байқауын жариялайды: Халықаралық қауіпсіздік және сыртқы саясат Энергетика және климаттың өзгеруі: ішкі және сыртқы саясат

31.05.2016 | Елбасы кітапханасында өткен дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша ОКҚ брифинг өтті

31 мамыр күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Қазақстандық бірегейлік пен жалпыұлттық бірліктің сабағы» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша  Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар Қызметінде брифинг өтті.

31.05.2016 | Елбасының кітапханасында: «Қазақстандық бірегейлік пен жалпыұлттық бірлігінің сабағы»

31 мамыр күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Қазақстандық бірегейлік пен жалпыұлттық бірллігінің сабағы» тақырыбына Елбасы кітапханасында дөңгелек үстел өтті. Шара Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ мен ҚХА кафедралары қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырды.

31.05.2016 | «Балалық шақтан көзқарас» атты Музейдің балалар жобасы

  2016 ж.  31 мамыр күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Халықаралық Балаларды қорғау күніне арналған  мерекелік іс-шаралар өтті. Биылғы жылы «Балалық шақтан көзқарас» атты Музейдің балалар жобасы  «ВІ Жұлдызай» қайырымдылық корпоративтік қоры,  Астана қаласының ЮНЕСКО клубы – Балалар көркемсурет мектебі және ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің серіктестік жұмысының нәтижесін ұсынды.

30.05.2016 | Елбасы кітапханасында «Әлем.ХХI ғасыр» Манифесті талқыланды

30 мамыр күні Елбасы кітапханасында «Кемел Ел» мәдени-ағартушылық және жастарды тәрбиелеу орталық мүшелерімен «Невада -  Семей» Халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалыстың (ХАҚ)  вице-президенті Сұлтан Картоевпен кездесу өтті. Шара Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтың Вашингтонда өткен IV ядролық қауіпсіздік жөніндегі Саммитінде жасаған «Әлем.ХХІ ғасыр» Манифестін талқылауға арналды.  

28.05.2016 | ҚарМТУ ғалымдары Елбасы кітапханасының мұрағатына Мемлекет басшысының бірегей фотоқұжаттарын тапсырды

27 мамыр күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында «Жаңа Қазақстандық Патриотизімді Қалыптастыру» патриоттық тәрбие Үлгісінің тұсаукесері өтті. Шараға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының тыңдаушылары мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы «Кемел Ел» жастар тәрбие орталығының мүшелері қатысты.

26.05.2016 | Ольга Андриевская: «болгарлар қыпшақ тамырынан шыққан»

25 мамырда Елбасының кітапханасында Астана қаласының «Даналық» технология және медицина колледжі студенттерінің «Злата» (Астана қ.) болгар этномәдени орталығының төрайымы Ольга Андриевскаямен кездесуі өтті.

25.05.2016 | Елбасы кітапханасында «Бақытты балалық шақ» атты шара өтті

25 мамыр күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында 1 маусым балалар мерекесі қарсаңында «Бақытты балалық шақ» атты шара ұйымдастырылды. Шараға Астана қаласының № 66 мектеп-лицейінен бастауышпен қоштасқан 4 сынып оқушылары қатысты. Елбасы кітапханасы «Бақытты балалық шақ» жобасын қолдай отырып, 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арнап сыйлықтар әзірледі.

25.05.2016 | ҚАЗАҚСТАН МЕН АҚШ «АҚЫЛ-ОЙ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ» КЕЗДЕСУІ

25 мамыр күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасына америка Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының (Center for Strategic and International Studies CSIS) делегация атынан, саяси экономия жөніндегі бөлімше басшысы (Simon Chair in Political Economy) Matthew Goodman, CSIS жанындағы Зб. Бжезинский Геостратегия институтының (Brzezinski Institute, on Geostrategy) сарапшысы David Parker және Айжан Раимбек келді.

Беттер