Жаңалықтар

14.10.2015 | «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК меморандумға қол қойылды

«Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ мен «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.  Меморандумға «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ атқарушы директоры Бейсембай Қуанышев пен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Абдрасилов қол қойды.

14.10.2015 | Өңірлер үшін «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренинг басталды

14 қазан күні Елбасы кітапханасында «Әлемді өзгертетін идеялар» білім беру жобасы бойынша арнайы екікүнді курстан өткен оқу озаттарына сертификаттар табысталды. Олар әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті мен Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері.

14.10.2015 | Елбасы елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

www.akorda.kz Рәсім барысында Қазақстан Президентіне бірқатар елдердің Төтенше және өкілетті елшілері – Корея Республикасынан Чо Ёнг Чон, Иордания Хашимиттік Корольдігінен  – Ахмед Идрис Инаб, Испания Корольдігінен  – Педро Хосе Санс Серрано, Палестина Мемлекетінен – Мунтасер Абу Зейд, Латвия Республикасынан Юрис Погребнякс сенім грамоталарын тапсырды.

13.10.2015 | ЖЕКЕ КІТАПХАНА ҚОРЫНДА – ЖАҢА КІТАПТАР

Жеке кітапхана қоры Мемлекет басшысына авторлар, танымал қоғам және саясат қайраткерлері сыйға тарқан жаңа басылымдармен толықты. Олардың арасында Қазақстан тарихы, құқығы, экономикасына қатысты еңбектер бар.

13.10.2015 | Елбасы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповті қабылдады

www.akorda.kz Кездесу барысында А.Сәрінжіпов Мемлекет басшысына білім беру жүйесінің дамуы және жаңа оқу жылына орай жүргізілген дайындық жұмыстары туралы баяндады. Қазақстан Президенті әлемдік экономикадағы дағдарысқа және бюджет шығыстарын азайтудың мәжбүрліктен туған шараларына қарамастан, білім беру саласына бөлінетін қаражаттың қысқартылмайтынын атап өтті.

Беттер