Жаңалықтар

25.10.2015 | Қазақстан Президенті ресми сапармен Катар Мемлекетіне келді

www.akorda.kz Қазақстан Президенті сапар барысында Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен келіссөздер өткізеді. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Катар Мемлекетінің іскер және қаржы элитасы өкілдерімен кездеседі деп жоспарланып отыр.

23.10.2015 | «Әлемді өзгертетін идеялар» Батыс және Шығыс Қазақстан оқушыларына оқытылды

Елбасының кітапханасында Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарының  түкпір-түкпірінен жиналған үздік оқушылар үшін «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» курсы бойынша лекциялар мен тәжіребелік дәрістер өткізілді.

22.10.2015 | Жастарға мен балаларға арналған бейресми білім беру бағдарламасы таныстырылды

22 қазан күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында Қазақстан Скаут Қозғалысы Ұйымы балалар мен жасөспірімдерге арналған бейресми білім беру Бағдарламасының жобасын таныстырды.  

21.10.2015 | Қ.И.Сәтпаев ат. ҚазҰТУ және Қ.Жұбанов ат. АӨМУ студенттері «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренингінен өтті

20-21 қазан күндері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университет студенттері үшін «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» курсы бойынша лекциялар мен тәжіребелік дәрістер өтті.

16.10.2015 | «Бас редакторлар клубы» ҚБ меморандумға қол қойылды

Елбасы кітапханасында ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды. Ынтымақтастық туралы Меморандум «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігімен арада бекітілді. Бұл уағдаластықтың басты мақсаттарының бірі - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жасампаз-шығармашыл идеялары мен бастамаларын ел ішінде және шет елдерде ақпараттық-имидждік тұрғыдан ілгерілету.

Беттер