17.07.2015 | Елбасы Кітапханасының қоры жаңа кітаптармен толықты

17 шілде күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, тарих ғылымдарының докторы, генерал-лейтенант Абай Тасболатов Елбасы Кітапханасына өзінің «Жоғарғы Бас Қолбасшы – әскери қауіпсіздік кепілі» және «Верховный Главнокомандующий – гарант военной безопасности» кітаптарын сыйға тартты.

17.07.2015 | Ораза айт құтты болсын

 Құрметті бауырлар! Баршаңызды адамзат жаратылысындағы ең ізгі мейрамдардың бірі – Ораза айтпен құттықтаймыз! Бұл – көпұлтты Қазақстан Республикасы халқының татулық пен келісімде, достық пен мейірімде өмір сүріп жатқанын әйгілей түсетін күндер. Әрдайым еліміздің мәртебесі биік, аспанымыз ашық, көңіл-күйіміз жайдары болғай! Игі тілекпен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының ұжымы.  

17.07.2015 | Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы

www.akorda.kzҚымбатты Отандастар! Барша қазақстандықтарды қасиетті Ораза айт мерекесінің басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам мұсылман қауымы үшін маңызды Рамазан айының аяқталуын білдіреді. Татулыққа, тыныштыққа, қайырымдылық пен жанашырлыққа үндейтін ислам дінінің рухани қасиеті осы Рамазан айында кеңінен көрініс табады.

16.07.2015 | «НУРСУЛТАН НАЗАРБАЕВ: ЧЕЛОВЕК У ВЛАСТИ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТТІ

2015 жылдың 16 шілдесі сағат 11.00-де «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ «НУРСУЛТАН НАЗАРБАЕВ: ЧЕЛОВЕК У ВЛАСТИ» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған еңбектің авторлары профессорлар Бүркітбай Аяған мен Әлима Ауанасова.

14.07.2015 | Мемлекет басшысының туған күніне және Астана күніне байланысты келіп түскен құттықтаулар авторларына арнаған сөзі

www.akorda.kzҚадірлі қауым! Соңғы уақытта менің атыма Астана күніне және мерейтойыма байланысты көптеген хаттар мен жеделхаттар келіп түсті. Құттықтаушылар қатарында мемлекеттердің, халықаралық ұйымдар мен компаниялардың басшылары, қоғам өкілдері және ел азаматтары бар.

14.07.2015 | Елбасы халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық барысы жөніндегі кеңеске қатысты

www.akorda.kz Мемлекет басшысы кеңеске қатысушыларға арнаған сөзінде «ЭКСПО-2017» көрмесіне сапалы дайындықты қамтамасыз ету мен өткізудің бүкіл Қазақстан үшін маңызды екенін атап өтті.

10.07.2015 | Астана күніне орай ұйымдастырылған шараларға қорытынды

Шілденің 1-10 аралығында  Елбасы Кітапханасында Астана Күніне арналған бірқатар қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық және мәдени шара ұйымдастырылды. Елбасы Кітапханасында Ашық есік күндері өтіп, 3 000 аса адам келді.

10.07.2015 | «Тұңғыш - Первый» деректі фильмдер күні

10 шілде күні Елбасының Кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сындарлы саясатын айғақтайтын деректі фильмдер көрсетілімі өтті. Осы шарамен Елбасының Кітапханасы Астана Күнін атап өтуге арналған 1-10 шілде аралығында ұйымдастырылған Ашық есік күндерін аяқтайды. «Тұңғыш - Первый» деректі фильмдер күнін ашу барысында:

10.07.2015 | Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті

www.akorda.kz Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екіжақты өзара ықпалдастықтың  кең ауқымды мәселелерін қарастырды. Сондай-ақ екі мемлекеттің көшбасшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.

09.07.2015 | Мемлекет тарихы институты Елбасы Кітапханасына Президент Н.Ә. Назарбаев пен Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихы туралы кітаптар сыйлады

9 шілде күні Елбасы Кітапханасына Қазақстан Республикасы БҒМ «Мемлекет тарихы институты» ММ өкілдері келді. Кітапханаға Қазақстанның жаңа тарихы туралы 30-дан аса кітап пен оқулық сыйлады.

Беттер