Жаңалықтар

08.08.2015 | Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің Бюро отырысына қатысты

www.akorda.kz Отырыс барысында Елбасы үлкен жұмыс атқарғаны үшін Бауыржан Байбекке алғыс айтты және партия Төрағасының жаңа бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовті таныстырды. Қазақстан Президенті «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің ынтымақты жұмысы арқасында оның сайлауалды тұғырнамасының 70 пайызы орындалғанын, басқа бағыттар бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

07.08.2015 | ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ КЕЛДІ

Елбасы Кітапханасының сирек қорында сақталған еңбектердің бірі – Шығыс классигі Әбілқасым Фердаусидің «Шаһнама» шығармасының қазақ тіліндегі нұсқасының қолжазбасы. Дастан түріндегі көне жазбаның авторы – белгілі ақын Тұрмағамбет Ізтілеуов. Осынау бағалы еңбек Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа 2009 жылдың қазан айында Қызылорда облысына сапары кезінде сыйға тартылған.

03.08.2015 | 1 тамыздан бастап Елбасы Кітапханасында экскурсиялар өткізіледі

1 тамыздан бастап Елбасы Кітапханасында экскурсиялар өткізіледі. Алғашқы келушілер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған экспозияциялармен, көрмелермен танысты. Экскурсияға жазылу үшін төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласу қажет: 8 (7172) 69-30-40, 69-30-42 Экскурсиялар бейсенбі мен жексенбі күндері аралығында сағат 10.00-нан 17.00-ге дейін өткізіледі. Түскі үзіліс: 13.00-14.30. Экскурсиялар тегін өткізіледі. Елбасы Кітапханасына кіру – жеке куәлік арқылы.  

31.07.2015 | Қазақстандық-ресейлік «Біз-Мы» жастар форумы ашылды

31 шілдеде Елбасы Кітапханасында қазақстандық-ресейлік «Біз-Мы» жастар форумының ашылуы өтті. Екі күндік форумды Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің қолдауымен Қазақстан жастар конгресі ұйымдастырды.

30.07.2015 | «Жаңа ұстанымдар. Жаңа әдіс-тәсілдер. Жаңа жаттығулар» тақырыбында еліміздегі жастар ресурстық орталықтарының қызметін жетілдіруге бағытталған семинар-тренинг өтті

29-30 шілде Астана қаласында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы»  мемлекеттік мекемесінде  «Жаңа ұстанымдар. Жаңа әдіс-тәсілдер. Жаңа жаттығулар» тақырыбында еліміздегі жастар ресурстық орталықтарының қызметін жетілдіруге бағытталған семинар-тренинг өтті. Екі күнді қамтитын жиынға еліміздің барлық өңірлерлерінде ашылған жастар ресурстық орталықтарының басшылары  және жастармен жұмысқа жауапты мамандар қатысуда.

27.07.2015 | Елбасы Дүниежүзілік сауда ұйымы Бас кеңесінің отырысына қатысты

www.akorda.kz Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі Жұмыс тобының төрағасы, Финляндияның елшісі Веса Химанен келіссөздер үдерісі барысында Қазақстан 50-ден аса жаңа заң қабылдап, 10 халықаралық келісімге түзету енгізгенін, олар кедендік одақ пен Еуразиялық экономикалық одақ аясында қабылданғанын атап өтті.

23.07.2015 | Елбасы Кітапханасының оқу залына шақырамыз

Кітапхана ережелері: Электронды тапсырыс беру. Кітапхананың www.presidentlibrary.kz сайтындағы «Оқырмандарға» деген бөлім арқылы арнайы тапсырыс беру қажет. Тапсырыс келушінің немесе орындаушының атынан Кітапханаға келерден бір күн бұрын немесе одан да ертерек жолдануы тиіс.Кітапханаға кіру шарты.

22.07.2015 | Елбасының Кітапханасы электрондық ресурстар жиынтығын ұсынады

Құрметті оқырмандар!  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы Қазақстан, Ресей және шетел электрондық ресурстарының жиынтығын ұсынады. Қоғамдық-саяси, саяси, іскерлі және жалпы экономикалық орталық маңызды БАҚ-дың, сонымен қатар қазақ-орыс медиакеңістігіндегі негізгі және  тақырыптық салалар бойынша 50-ден астам ресурс арқылы қажетті ақпарат алу мүмкіндігі туды. Құжаттар: газеттерден; журналдардан; ақпарат агенттіктерінен;

20.07.2015 | Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығының мамандары Елбасы Кітапханасының жұмысымен танысты

20 шілде күні Елбасының Кітапханасына Теміртау қ. Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығының директоры міндетін атқарушы Саида Саргизованың жетекшілігімен орталықтың қызметкерлері келді.

Беттер