Жаңалықтар

06.10.2015 | Ядролық қауіпсіздік және кибер қауіпсіздік тақырыбындағы сарапшылар баяндамалары таныстырылды

6 қазан күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің қолдауымен «ПИР-орталығы» Халықаралық зерттеулер ғылыми орталығының (Ресей) сарапшылары даярлаған ядролық қауіпсіздік және кибер қауіпсіздік мәселелері бойынша баяндамалар таныстырылды.

05.10.2015 | Елбасы кітапханасында РФ Мемлекеттік Думасының ТМД, еуразиялық ықпалдастық және отандастармен байланыс істері жөніндегі комитетінің делегациясы болды

2015 жылғы 5 қазанда Елбасы кітапханасында Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының ТМД, еуразиялық ықпалдастық және отандастармен байланыс істері жөніндегі комитетінің делегациясы болды.

02.10.2015 | «Әлемді өзгертетін идеялар» білім беру жобасының алғашқы қатысушылары сертификатқа ие болды

2 қазан күні «Әлемді өзгертетін идеялар» білім беру жобасының алғашқы қатысушылары «Ұлт жоспары – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» курсын өткендігі туралы арнайы сертификат алды.  

02.10.2015 | Елбасы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

www.akorda.kz Кездесуге сондай-ақ KCA International компаниясының басшысы Хуан Чю және «Сембол Констракшн» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ф.Таминдже қатысты. А.Есімов Мемлекет басшысына көрме нысандарындағы құрылыс жұмыстарының барысы және оны ілгерілету шаралары туралы, сондай-ақ «ЭКСПО-2017» аумағы мен павильондарын көрмеден кейін пайдалану мәселелері жөнінде баяндады.

30.09.2015 | Мемлекет басшысы зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизмге қарсы күрес жөніндегі саммитке қатысты

www.akorda.kz Қазақстан Президенті зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизм бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнген ең елеулі қатерге айналып, халықаралық терроризмнің өсуіне ықпал етіп отырғанын атап көрсетті.

30.09.2015 | 2015

2015 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Лекторий кестесіне сәйкес келесі іс-шаралар өткізілді: – «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері», «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі коллекциясындағы әлемдік діндердің  ғұрыптық заттары», «Астана – тәуелсіз Қазақстанның нышаны», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев: тарихи тұлғаның қалыптасу кезеңдері», «Қазақстан Республикасында құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру» дәрістері;

29.09.2015 | Елбасы Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обамамен кездесті

www.akorda.kz Кездесу барысында мемлекеттер басшылары сауда-экономика, инвестиция және отын-энергетика салаларындағы ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылады. Сонымен қатар Қазақстан мен АҚШ көшбасшылары күн тәртібіндегі халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Беттер