Жаңалықтар

24.09.2015 | Елбасы «Әзірет Сұлтан» мешітіне барды

www.akorda.kz Мемлекет басшысы «Әзірет Сұлтан» мешітіне барды және Қазақстан халқы мен бүкіл әлем мұсылмандарын Құрбан айт мерекесімен құттықтап, жамағатпен әңгімелесті.

24.09.2015 | Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы

www.akorda.kz Қымбатты отандастар!   Барша қазақстандықтарды мұсылман қауымының қастерлі мерекесі – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Қасиетті Құрбан айт адамзатты бейбітшілік пен келісімге, өзара түсіністік пен жанашырлыққа үндейді.

21.09.2015 | Елбасының Кітапханасында Жазғы Универсиада-2015 жеңімпаздары, жүлдегерлері мен қатысушылары марапатталды

21 қыркүйекте сағ: 15:00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасында 2015 жылы шілденің 3-14 аралығында Кванджу (Корея) қаласында өткен Жазғы Универсиада жеңімпаздары, жүлдегерлері мен қатысушыларын салтанатты марапаттау шарасы өтті.

18.09.2015 | Мемлекет басшысы Ақылмандар кеңесінің мүшелерімен кездесті

www.akorda.kz Кездесуге шет елдердің көрнекті мемлекет қайраткерлері мен Нобель сыйлығының лауреаттары – Израильдің бұрынғы президенті Ш.Перес, Польшаның бұрынғы президенті Л.Валенса, Колумбияның бұрынғы президенті С.Трухильо, Испанияның бұрынғы премьер-министрі  Х.Сапатеро, МАГАТЭ-нің бұрынғы бас директоры  М.Аль-Барадеи және басқалар қатысты.

16.09.2015 | Елбасы Қазақстан мен Ресейдің ХІІ өңіраралық ынтымақтастық форумының жалпы отырысына қатысты

www.akorda.kz Шараға сондай-ақ Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің мүшелері, өңірлердің басшылары қатысты. Мемлекет басшысы өз сөзінде В.Путинге шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін алғыс айтып, Қазақстан тарапы форумға зор мән беретінін атап өтті.

15.09.2015 | Елбасы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты

www.akorda.kz Іс-шараға Тәжікстан Республикасының Президенті Э.Рахмон, Армения Республикасының Президенті С.Саргсян, Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті  А.Атамбаев, Ресей Федерациясының Президенті В.Путин, ҰҚШҰ бас хатшысы Н.Бордюжа, сондай-ақ ұйымға мүше елдердің қорғаныс және сыртқы саясат ведомстволары басшылары қатысты.

15.09.2015 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА ШЕТЕЛДІКТЕРДІҢ ПРЕСС-ТУРЫ ӨТТІ

2015 жылдың 12 қыркүйегінде Елбасы кітапханасында шетелдік бір топ журналистің пресс-туры өтті. Олар Астана әуежайынан ғарышкерлерді күтіп алу салтанатына келген екен. Сондай-ақ елордада өткен халықаралық «Мәңгілік Ел» конференциясына, Түркітектес мемлекеттер басшыларының саммитіне қатысты.

14.09.2015 | Мемлекет басшысы Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті

www.akorda.kz Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Эмомали Рахмонға еліне шақырғаны және қонақжайлықпен қарсы алғаны үшін алғыс айтты, сондай-ақ тәжік халқын екі маңызды мерекемен – Тәуелсіздік күнімен және Гиссардың 3000 жылдығымен құттықтады.

12.09.2015 | Елбасы «Союз ТМА-16М» экипажының мүшелерімен – кеме командирі Геннадий Падалка, бортинженерлер Андреас Могенсен және Айдын Айымбетовпен кездесті

www.akorda.kz Кездесу барысында Мемлекет басшысы экипаж мүшелерін аман-есен оралуымен және Халықаралық ғарыш стансасындағы маңызды миссияларының аяқталуымен құттықтады.

Беттер