13.09.2014 | ГЕРМАНИЯ ҚАЗАҚСТАНМЕН КІТАПХАНА ІСІ ҚҰПИЯЛАРЫМЕН БӨЛІСЕДІ

«Казахстанская правда» газетіГЕРМАНИЯ ҚАЗАҚСТАНМЕН КІТАПХАНА ІСІ ҚҰПИЯЛАРЫМЕН БӨЛІСЕДІҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы және Фридрих Эберт атындағы неміс Қоры Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойысты

06.05.2014 | «Уақытқа тосқауыл бола алмассың...»

2014 жылдың 5 мамыр күні Тұңғыш Президент Музейінде  түрікмен әдебиетінің ұлы классигі, философ, ғалым Мақтымқұлы Пырағының 290 жылдығына арналған  «Уақытқа тосқауыл бола алмассың...» атты әдеби кеш өтті. Іс-шара Музейдің «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында Қазақстан Республикасындағы Түрікменстан Елшілігімен бірлесе ұйымдастырылды.

20.12.2013 | 9 айлық нәтижесі бойынша Білім бағдарламасы аясында 77 іс-шара өткізілді

       Ағымдағы жылдың 9 айлық нәтижесі бойынша Білім бағдарламасы аясында 77 іс-шара өткізілді: дәрістер, музейлік сабақтар, «Астана – арман қала», «Білім әлеміне саяхат» мерекелік сабақтары, шеберлік-сыныптары, ҚР Білім және ғылым министрі М. Әбеновпен кездесу сабақ, «Жастардың бойында лидерлік қасиеттерді дамыту», «Астанатану» элективті курстары, экскурсия-сабақтары, «Ғажайып өнер әлемі» арт-терапиялық сессиясы, ашық есік күндері, қалалық және республикалық пікірталас турнирлері. Алғашқы рет Астана қ. мұғалімдері үшін «Музей педагогикасының негіздері» оқу курсы апробацияланды.

09.12.2013 | «Туған жерім» атты жылсайынғы көрмесі

2013 жылы 9 желтоқсанда ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі Күніне арналған балалар шығармашылығынан  «Туған жерім» атты жылсайынғы көрмесі ашылды. Көрме  Музейдің «Балалық шақтан көзқарас» экспозициялық жобасының аясында ұйымдастырылды. Жоба азаматтық жауапкершілік пен патриоттықты, өзінің Отанын сүюге, Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылықты арттыруға, балалардың көркем шығармашылығын дамытуға және жариялауға бағытталған.

05.07.2013 | «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясына жаңа мүшелерді қабылдау рәсімі салтанатты түрде өткізілді.

  2013 жылдың 4 шілдесінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясына жаңа мүшелерді қабылдау рәсімі салтанатты түрде өткізілді. Жаңа қабылданған азаматтардың қатарында белсенді азаматтық және Отанға қызмет көрсету ұстанымы бар ғылым, мәдениет және өндіріс қызметкерлері мен жеке кәсіпкерлер болды. Партиялық билетті «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы өз қолымен табыс етті.

18.06.2013 | Маңызды оқиға

  2013 жылдың 18 маусымында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің ұжымында маңызды оқиға болды. ҚР Білім және ғылым министрі Б. Жұмағұловтың бұйрығымен көп жылғы еңбегі, білім беру жүйесін дамыту мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін Музей педагогикасы орталығының жетекшісі Қазбекова Рауза Ұланқызы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Беттер