Жаңалықтар

27.07.2015 | Елбасы Дүниежүзілік сауда ұйымы Бас кеңесінің отырысына қатысты

www.akorda.kz Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі Жұмыс тобының төрағасы, Финляндияның елшісі Веса Химанен келіссөздер үдерісі барысында Қазақстан 50-ден аса жаңа заң қабылдап, 10 халықаралық келісімге түзету енгізгенін, олар кедендік одақ пен Еуразиялық экономикалық одақ аясында қабылданғанын атап өтті.

23.07.2015 | Елбасы Кітапханасының оқу залына шақырамыз

Кітапхана ережелері: Электронды тапсырыс беру. Кітапхананың www.presidentlibrary.kz сайтындағы «Оқырмандарға» деген бөлім арқылы арнайы тапсырыс беру қажет. Тапсырыс келушінің немесе орындаушының атынан Кітапханаға келерден бір күн бұрын немесе одан да ертерек жолдануы тиіс.Кітапханаға кіру шарты.

22.07.2015 | Елбасының Кітапханасы электрондық ресурстар жиынтығын ұсынады

Құрметті оқырмандар!  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы Қазақстан, Ресей және шетел электрондық ресурстарының жиынтығын ұсынады. Қоғамдық-саяси, саяси, іскерлі және жалпы экономикалық орталық маңызды БАҚ-дың, сонымен қатар қазақ-орыс медиакеңістігіндегі негізгі және  тақырыптық салалар бойынша 50-ден астам ресурс арқылы қажетті ақпарат алу мүмкіндігі туды. Құжаттар: газеттерден; журналдардан; ақпарат агенттіктерінен;

20.07.2015 | Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығының мамандары Елбасы Кітапханасының жұмысымен танысты

20 шілде күні Елбасының Кітапханасына Теміртау қ. Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығының директоры міндетін атқарушы Саида Саргизованың жетекшілігімен орталықтың қызметкерлері келді.

17.07.2015 | Елбасы Кітапханасының қоры жаңа кітаптармен толықты

17 шілде күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, тарих ғылымдарының докторы, генерал-лейтенант Абай Тасболатов Елбасы Кітапханасына өзінің «Жоғарғы Бас Қолбасшы – әскери қауіпсіздік кепілі» және «Верховный Главнокомандующий – гарант военной безопасности» кітаптарын сыйға тартты.

17.07.2015 | Ораза айт құтты болсын

 Құрметті бауырлар! Баршаңызды адамзат жаратылысындағы ең ізгі мейрамдардың бірі – Ораза айтпен құттықтаймыз! Бұл – көпұлтты Қазақстан Республикасы халқының татулық пен келісімде, достық пен мейірімде өмір сүріп жатқанын әйгілей түсетін күндер. Әрдайым еліміздің мәртебесі биік, аспанымыз ашық, көңіл-күйіміз жайдары болғай! Игі тілекпен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының ұжымы.  

17.07.2015 | Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы

www.akorda.kzҚымбатты Отандастар! Барша қазақстандықтарды қасиетті Ораза айт мерекесінің басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам мұсылман қауымы үшін маңызды Рамазан айының аяқталуын білдіреді. Татулыққа, тыныштыққа, қайырымдылық пен жанашырлыққа үндейтін ислам дінінің рухани қасиеті осы Рамазан айында кеңінен көрініс табады.

16.07.2015 | «НУРСУЛТАН НАЗАРБАЕВ: ЧЕЛОВЕК У ВЛАСТИ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТТІ

2015 жылдың 16 шілдесі сағат 11.00-де «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ «НУРСУЛТАН НАЗАРБАЕВ: ЧЕЛОВЕК У ВЛАСТИ» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған еңбектің авторлары профессорлар Бүркітбай Аяған мен Әлима Ауанасова.

14.07.2015 | Мемлекет басшысының туған күніне және Астана күніне байланысты келіп түскен құттықтаулар авторларына арнаған сөзі

www.akorda.kzҚадірлі қауым! Соңғы уақытта менің атыма Астана күніне және мерейтойыма байланысты көптеген хаттар мен жеделхаттар келіп түсті. Құттықтаушылар қатарында мемлекеттердің, халықаралық ұйымдар мен компаниялардың басшылары, қоғам өкілдері және ел азаматтары бар.

14.07.2015 | Елбасы халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық барысы жөніндегі кеңеске қатысты

www.akorda.kz Мемлекет басшысы кеңеске қатысушыларға арнаған сөзінде «ЭКСПО-2017» көрмесіне сапалы дайындықты қамтамасыз ету мен өткізудің бүкіл Қазақстан үшін маңызды екенін атап өтті.

Беттер