Жаңалықтар

10.07.2015 | Астана күніне орай ұйымдастырылған шараларға қорытынды

Шілденің 1-10 аралығында  Елбасы Кітапханасында Астана Күніне арналған бірқатар қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық және мәдени шара ұйымдастырылды. Елбасы Кітапханасында Ашық есік күндері өтіп, 3 000 аса адам келді.

10.07.2015 | «Тұңғыш - Первый» деректі фильмдер күні

10 шілде күні Елбасының Кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сындарлы саясатын айғақтайтын деректі фильмдер көрсетілімі өтті. Осы шарамен Елбасының Кітапханасы Астана Күнін атап өтуге арналған 1-10 шілде аралығында ұйымдастырылған Ашық есік күндерін аяқтайды. «Тұңғыш - Первый» деректі фильмдер күнін ашу барысында:

10.07.2015 | Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті

www.akorda.kz Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екіжақты өзара ықпалдастықтың  кең ауқымды мәселелерін қарастырды. Сондай-ақ екі мемлекеттің көшбасшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.

09.07.2015 | Мемлекет тарихы институты Елбасы Кітапханасына Президент Н.Ә. Назарбаев пен Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихы туралы кітаптар сыйлады

9 шілде күні Елбасы Кітапханасына Қазақстан Республикасы БҒМ «Мемлекет тарихы институты» ММ өкілдері келді. Кітапханаға Қазақстанның жаңа тарихы туралы 30-дан аса кітап пен оқулық сыйлады.

09.07.2015 | Қазақстан Президенті Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ашраф Ганимен кездесті

www.akorda.kz Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Мохаммад Гани екіжақты ынтымақтастықтың саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық, өзге де салалардағы қазіргі ахуалы мен келешегін талқылады.

08.07.2015 | Ақордада Қазақстан Президенті мен Үндістан Премьер-министрі келіссөздерінің қорытындысына арналған бірлескен брифинг өтті

www.akorda.kz Қазақстан Президенті елімізге Үндістан Премьер-министрінің тұңғыш сапары  өзара түсіністік пен достық рухында өтіп жатқанына назар аударды.

08.07.2015 | Елбасы Қазақстанға ресми сапармен келген Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен кездесті

www.akorda.kz Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың сауда-экономика, инвестиция, отын-энергетика, транзит-көлік және өзге де салалардағы кең ауқымды мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев пен Нарендра Моди өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар жөнінде пікір алмасты.

06.07.2015 | Мемлекет басшысының Астана күніне арналған салтанатты қабылдауы

www.akorda.kz Іс-шараға Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, мемлекеттік органдар мен дипломатиялық корпус, зиялы қауым және іскерлік орта, мәдениет пен білім беру саласы өкілдері қатысты. Мемлекет басшысы өз сөзінде небәрі 17 жасқа толған ел астанасының қазірдің өзінде бай әрі даңқты тарихы бар екенін айтты.

Беттер