Жаңалықтар

17.11.2015 | Елбасы халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді

www.akorda.kz Отырысты ашқан Мемлекет басшысы ЭКСПО көрмесі отандық экономикаға және жаңа технологияларды игеру ісіне серпін бере алатын ұлттық жобаға айналғанын айтты. Сондай-ақ көрме нысандарының құрылысы кестеге сәйкес жүріп жатқанын атап өтті.

13.11.2015 | АЛМАТЫ ЖӘНЕ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ «ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТЕТІН ИДЕЯЛАР» СЕМИНАР-ТРЕНИНГТЕРДІ АЯҚТАДЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренингтерінен өткен  оқушыларға сертификаттар табысталды.

13.11.2015 | Тәуелсіздік дәуірінің бастамасы - «Жасыл Ел» еңбек қозғалысы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында Республикалық «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының штабы «Инициатива эпохи независимости – трудовое движение «Жасыл ел» кітабының тұсаукесер рәсімін өткізді.

12.11.2015 | ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫНЫҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ-СЕМИНАР ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында тәуелсіздік туралы Декларацияның қабылданғанына 25 жыл толуына орай Назарбаев зияткерлік мектептерінің мұғалімдерімен кездесу-семинар өтті.

11.11.2015 | «ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТЕТІН ИДЕЯЛАР» СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНДА ӨТТІ

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің және І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенттері Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» курсын аяқтап, арнайы сертификаттарға ие болды.

07.11.2015 | «Тіл жанашыры» құрмет белгісімен марапаттау рәсімі өтті.

  6 қарашада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Тіл жанашыры» құрмет белгісімен марапаттау рәсімі өтті. Бұл награданы «Тіл жанашыры» қоғамдық бірлестігі 2007 жылы бекіткен болатын және биылғы жылы ол 5-ші рет табысталып отыр. Бүгінгі күнге дейін 100 адам марапатталған.

06.11.2015 | «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренингінен Шымкент, Ақтау студенттері мен Атырау, Жамбыл облыстарының оқушылары өтті

3-6 қараша күндері Елбасының кітапханасында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінің, сондай-ақ Атырау және Жамбыл областарының оқушылары «Әлемді өзгертетін идеялар» атты семинар-тренингтен өтті.

06.11.2015 | «Тіл жанашыры-2015» құрмет белгісімен марапаттау рәсімі өтті

2015 жылғы 6 қараша күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Тіл жанашыры-2015» құрмет белгісін табыстау рәсімі өтті. Түрлі лауазымдарда қызмет ететін, мемлекеттік тілдің мәртебесін өсіруге, оны дәріптеу мен насихаттауға зор үлес қосып жүрген ұлтжанды азаматтар салтанатты түрде «Тіл жанашары» құрмет белгісіне ие болды.

05.11.2015 | «Тіл жанашырлары» бас қосты

Елбасының кітапханасында «Тіл жанашыры» қоғамдық бірлестігінің құрметті төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің бастығы, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ директорының міндетін атқарушы М.Б.Қасымбеков «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің номинанттарымен кездесу өткізді. Кездесуге «Тіл жанашыры - 2015» құрмет белгісіне лайық деп танылған 21 үміткер қатысты.

05.11.2015 | Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Француз Республикасының Президенті Франсуа Олландпен кездесті

www.akorda.kz Шағын және кеңейтілген құрамда өткен кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылап, күн тәртібіндегі халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Беттер