Жаңалықтар

02.06.2015 | «Педагогикалық вернисаж» атты көрмесінің ашылуы

2015 жылы 2 маусым күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Педагогикалық вернисаж» атты көрмесінің ашылуы өтті. Көрме Музейдің «Балалық шақтан көзқарас» жобасының аясында, Шымкент қаласының Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубымен бірлесе ұйымдастырылып отыр. Іс-шара Халықаралық балаларды қорғау күніне арналады. Балалар көркемсурет мектебі-ЮНЕСКО клубы және жалпы орта білім беру мекемелерінің оқытушылары мен түлектері өздерінің жұмыстарын Астана қаласының тұрғындарының назарына ұсынады.

01.06.2015 | Елбасы кітапханасының қызметкерлері Астана қаласы әкімдігінің Балалар үйіне барды

Шараны «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің «Тұңғыш» бастауыш партия ұйымы «Нұр Отанның» «Бақытты балалық шақ» жобасына қолдау ретінде ұйымдастырды. Партия мүшелері осы тектес іс-шаралар арқылы жетім балалар мәселелеріне жұртшылық назарын аударуды көздеп отыр.

22.05.2015 | «Қазақ хандығынан тәуелсіз қазақстанға дейін»

2015 жылдың 22 мамыр қүні Елбасы кітапханасының қызметкерлері Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ хандығынан тәуелсіз қазақстанға дейін» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Шара Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры және БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты «Нұр Отан» партиясы қолдаумен ұйымдастырылды.

21.05.2015 | Америкалық делегациямен кездесу

2015 жылдың 19 мамырында Елбасы кітапханасында доктор Тим Нафтали болды. Ол – америкалық белгілі тарихшы, бұрын Ричард Никсон атындағы президенттік кітапхана-музейді басқарған. Кездесуге атқарушы директор Бейсембай Жұмабеков пен директордың орынбасары Тимур Шаймергенов қатысты. Кездесу АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы елшілігінің мәдени бөлімшесінің қатысуымен ұйымдастырылды.

21.05.2015 | Ұлы Жеңіс тағлымы

Әлеуметтік қайшылықтар мен саяси дүрбелең үстінде өткен ХХ ғасыр ғаламдық жойқын соғыстарымен де адамзат тарихында қаралы беттерін қалдырды. Екінші дүниежүзілік соғыстың өзі-ақ қаншама халықты қайғы-қасіретке душар етті, оған оның қиындықтары мен зардаптарын  бастан кешкен еліміздің тарихы куә. Сол соғысты қан майданда басынан өткергендер де, солардың тілеуін тілеп, тылдағы бар ауыртпалықты иығымен көтергендер де, соғыста ата – анасынан айырылып, жетілгенше жетімдік тауқыметін тартып өскендер өмірі дәлел.

16.05.2015 | ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМЫ

Өткен ғасырдың соңындағы посткеңестік кеңістіктегі саяси жүйенің өзгеруі қоғамдық санаға терминологиялық мән-мағынасы әрқилы сипат беретін жаңа ұғымдар легін әкелді. Сондай ұғымның бірі – толеранттылық ұғымы болды. Толеранттылық ұғымының мән-мағынасы  бүгінгі күні мазмұны жағынан әлемді өзгертуші идеялар арнасында тарихи негіздерін сақтай отырып толысуда.

16.05.2015 | Елбасы кітапханасында Жамбыл облысынан келген оқушылар үшін экскурсия өтті

Елбасы кітапханасында Шу қаласының С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің ұстаздары мен 8-10-сынып оқушылары Мемлекет басшысының стратегиялық бастамаларымен және халықаралық жобалармен, сонымен қатар еліміздің қалыптасу және даму тарихымен танысты.

Беттер