Жаңалықтар

14.05.2015 | «ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ» КІТАБЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында қазақстандық белгілі суретші-график Ералы Оспанұлының «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» кітабының таныстырылымы өтті. Мемлекетіміз Руханият саласын қолдауға айрықша басымдық ретінде қарайтыны белгілі. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылған шаруалардың өзі ұшан-теңіз. Биыл Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтетіні де тарих пен мәдениетке деген мемлекеттік көзқарастың ерекшелігін білдіреді.

06.05.2015 | Отан қорғаушы күнімен құттықтаймыз!

  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы қорғаныс саласын күшейтуге ерекше мән беріп келеді. Өйткені Қазақстанның ұлттық мүдделерінің сенімді қорғалуы мен қорғаныс әлеуетінің артуы – елдің тұрақты дамуының, біздің азаматтарымыздың берекелі тірлік кешуінің негізі. Біз өз өмірін Отан қорғау сынды жауапты кәсіпке арнаған және бүгінде аға буынның дәстүрін абыроймен жалғастырып, еліміздің әскери қуаты мен қорғаныс қабілетін еселеуге үлес қосып жүрген барша азаматтарды құттықтаймыз. Еліміз бен халқымыз өсіп, өркендей берсін! Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жасасын!

05.05.2015 | «ЖАСЫЛ ҚАЗАҚСТАН» акциясы

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы «Жасыл Қазақстан» акциясын өткізді. Акция «Жасыл Жер» ЖШС және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры қолдауымен өтті.

30.04.2015 | Сізді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз!

Аталған мейрам биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма жылдық мерейтойына сәйкес келуімен ерекше. Елбасы саясатының алғышарты ұлтаралық татулық, дінаралық бауырластық, өзара келісім мен түсіністік екені баршаға аян. Бұл ұғымдар бүгінгі таңда қазақстандықтардың ортақ құндылығына айналған.

29.04.2015 | Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ресми кірісу рәсімі

http://www.akorda.kz Іс-шара Мемлекеттік Ту мен Президент Байрағының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының Тәуелсіздік сарайының Үлкен залына салтанатты жағдайда әкелінуінен басталды.

29.04.2015 | Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына ант береді

http://www.kazinform.kz ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында жеңіске жеткен Нұрсұлтан Назарбаев сәрсенбі күні қызметіне ресми кірісуі  - ұлықтау салтанаты ауқымында Қазақстан халқына ант береді.

Беттер