Жаңалықтар

16.10.2015 | Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Т.Шаймергенов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында дәрістер сериясын өткізді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы директорының орынбасары Тимур Шаймергенов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге арналған бағдарлама бойынша кәсіби біліктілігін жоғарылатып жатқан «А» корпусының тыңдаушылары үшін дәрістер оқыды.    

14.10.2015 | «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК меморандумға қол қойылды

«Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ мен «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.  Меморандумға «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ атқарушы директоры Бейсембай Қуанышев пен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Абдрасилов қол қойды.

14.10.2015 | Өңірлер үшін «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренинг басталды

14 қазан күні Елбасы кітапханасында «Әлемді өзгертетін идеялар» білім беру жобасы бойынша арнайы екікүнді курстан өткен оқу озаттарына сертификаттар табысталды. Олар әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті мен Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері.

Беттер