Жаңалықтар

13.10.2015 | Елбасы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповті қабылдады

www.akorda.kz Кездесу барысында А.Сәрінжіпов Мемлекет басшысына білім беру жүйесінің дамуы және жаңа оқу жылына орай жүргізілген дайындық жұмыстары туралы баяндады. Қазақстан Президенті әлемдік экономикадағы дағдарысқа және бюджет шығыстарын азайтудың мәжбүрліктен туған шараларына қарамастан, білім беру саласына бөлінетін қаражаттың қысқартылмайтынын атап өтті.

12.10.2015 | Елбасы кітапханасында – шетелдік журналистер

12 қазан күні Елбасы кітапханасына Румынияның «TVR-1» ұлттық телеарнасының қызметкерлері мен неміс журналистері келді.   Румын журналистері Қазақстан туралы, оның көрікті жерлері туралы деректі фильм түсіру мақсатымен келген.

10.10.2015 | Елбасы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып қойылған «Абай» операсына барды

www.akorda.kz Операның идеялық арқауы ретінде қазақтың ұлы ақыны, ағартушы және философ Абай Құнанбайұлының тұлғасы алынған. Сценографияда соңғы техникалық жаңалықтардың пайдаланылуы және музыкалық шығарманың сюжетін заманауи тұрғыдан интерпретациялау қойылымды даралай түскен.

09.10.2015 | Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко Елбасы Кітапханасына келді

Мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко Украина президентінің елімізге жасаған ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында болды. Мәртебелі меймандар Кітапхананың білім беру орталығымен және интерактивтік экспозицияларымен танысты.

09.10.2015 | Елбасы Украина Президенті Петр Порошенкомен бірге Қазақстан-Украина бизнес-форумының жабылу рәсіміне қатысты

www.akorda.kz Іс-шараға екі жақтан 500 делегат қатысты, олардың қатарында жеке бизнестің, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың өкілдері бар. Форумға қатысушылар алдында сөйлеген Қазақстан Президенті қазіргі кезеңде екі елдің өзара тиімді экономикалық байланыстарын нығайту қажеттігін атап өтті.

09.10.2015 | Елбасы Қазақстанға ресми сапармен келген Украина Президенті Петр Порошенкомен кездесті

www.akorda.kz Кездесу барысында сауда-экономика, көмір өнеркәсібі, көлік-логистика және агроөнеркәсіп кешені салаларындағы ынтымақтастықты нығайту жолдары талқыланды. Сонымен қатар, мемлекеттер басшылары күн тәртібіндегі өзекті халықаралық мәселелер жөнінде, соның ішінде Украинаның оңтүстік-шығысындағы ахуал мен Минск уағдаластықтарының жүзеге асырылу барысы туралы пікір алмасты.

08.10.2015 | Мемлекет басшысы «Көне Тараз» музейінде болды

www.akorda.kz Қазақстан Президенті музей экспозицияларын аралап көрді, сондай-ақ шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерімен, Жамбыл облысы тұрғындарымен, қонақтарымен кездесу өткізді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Археологиялық саябаққа барып, археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерімен танысты.

08.10.2015 | Мемлекет басшысы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монументті ашу рәсіміне қатысты

www.akorda.kz Қазақстан Президенті рәсім аясында монумент тұғырына гүл қойып, құттықтау сөз сөйледі. Мемлекет басшысы барша халықты Қазақ хандығының 550 жылдығымен құттықтап, Астанадан басталып, Таразда жалғасын тапқан мерекелік шаралардың маңыздылығын атап өтті.

07.10.2015 | «Әлемді өзгертетін идеяларды» Л.Н.Гумилев ат. Еуразия ұлттық университетінің студенттері меңгере бастады

Елбасы кітапханасы ағымдағы оқу жылынан «Әлемді өзгертетін идеялар» тақырыбында екі күндік семинар-тренингтер циклын өткізе бастады. Жоғары оқу орындарына арналған алғашқы оқыту шарасында Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің 50 студенті қамтылды. Оларға 7 қазан күні аталған семинар-тренингтен өткені жөнінде арнайы сертификаттар табысталды, авторлық қолтаңбасы бар кітаптар сыйға тартылды.

06.10.2015 | Елбасы кітапханасына «Еуразиялық экономикалық перспектива» Халықаралық форум қатысушылары келді

6 қазан күні Елбасы кітапханасына Астанада өткен «Еуразиялық экономикалық перспектива» Халықаралық форумының қатысушылары – Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей парламентарийлері мен Еуразия экономикалық комиссиясының мүшелері келді.

Беттер