Жаңалықтар

18.11.2014 | «Әлемді өзгертетін идеялар» дөңгелек үстелі

18.11.2014 ж Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін атап өту қарсаңында Елбасының Кітапханасы Білім және ғылым министрлігімен біріге отырып, «Әлемді өзгертетін идеялар» дөңгелек үстел өткізді. Шара ұйымдастырушылары online режимінде мұғалімдермен тәжірибе алмасты. Дөңгелек үстел жұмысына Астана, Алматы және облыс педагогтары, жалпы саны 5 мыңнан астам мұғалім қатысты.

10.11.2014 | Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында болды

А.Ш. Атамбаевтың мемлекеттік сапары аясында Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында болды. Айта кету керек, биыл ашылған Елбасының Кітапханасы қоғамдық өмірде өз орнын алып үлгергерді.

05.11.2014 | WWW.PRESIDENTLIBRARY.KZ сайтының тұсауы кесілді

04.11.2014 ж. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы  кітапханасында www.presidentlibrary.kz сайтының тұсауы кесілді. Сайттың ерекшеліктері: Қазақстан Республикасы Президентінің қызметі фото түріндегі жаңалықтармен беріледі;

13.10.2014 | Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы "Әлемді өзгертетін идеялар" тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізді

2014 жылдың 29 қыркүйегінде  "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы" кітапханасы Астана қаласының әкімшілігі Білім басқармасының, "Астана дарыны" өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының білікті мамандарын, тарих пәнінің ұстаздарын  "Әлемді өзгертетін идеялар"   дөңгелек үстеліне шақырып, бас қосты.

02.10.2014 | “БІЗДІҢ ПРЕЗИДЕНТ” КІТАБЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасының "Кемел ел" Жастар тәрбиесі орталығы мүшелері 2014 жылдың 29 тамызында Астана қаласының мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Мерекелік іс-шара  Білім күні мен жаңа оқу жылының басталу қарсаңында ұйымдастырылды. Кездесуге жоғарғы сынып оқушыларынан-  интелектуалды жарыс жеңімпаздары иен оқу үздіктері шақырылды. Кездесуге қатысушылар астананың ең көрнекі орындарының бірі болған жаңа ғимаратымен танысушылардың алғашқылары болды.

01.10.2014 | "Біздің ел - біздің Елбасы" семинар-тренингі

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапханасы мектеп оқушылары үшін «Біздің ел – біздің Елбасы» атты семинар-тренинг ұйымдастырды.Мұндай жұмыс түрін қолданысқа енгізу интерактивтік үстелдер контентінің білім беру потенциалынан туындайды. Оқытуды ұйымдастыру – бұл Қазақстанның жетістіктері мен ниет-мақсаттарын кітаптар мен оқулықтарға қарағанда айқын ашатын Елбасы идеяларын түйсіндірудің ерекше тәжірибесі.

13.09.2014 | ГЕРМАНИЯ ҚАЗАҚСТАНМЕН КІТАПХАНА ІСІ ҚҰПИЯЛАРЫМЕН БӨЛІСЕДІ

«Казахстанская правда» газетіГЕРМАНИЯ ҚАЗАҚСТАНМЕН КІТАПХАНА ІСІ ҚҰПИЯЛАРЫМЕН БӨЛІСЕДІҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы және Фридрих Эберт атындағы неміс Қоры Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойысты

Беттер