Жаңалықтар

15.09.2015 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА ШЕТЕЛДІКТЕРДІҢ ПРЕСС-ТУРЫ ӨТТІ

2015 жылдың 12 қыркүйегінде Елбасы кітапханасында шетелдік бір топ журналистің пресс-туры өтті. Олар Астана әуежайынан ғарышкерлерді күтіп алу салтанатына келген екен. Сондай-ақ елордада өткен халықаралық «Мәңгілік Ел» конференциясына, Түркітектес мемлекеттер басшыларының саммитіне қатысты.

14.09.2015 | Мемлекет басшысы Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті

www.akorda.kz Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Эмомали Рахмонға еліне шақырғаны және қонақжайлықпен қарсы алғаны үшін алғыс айтты, сондай-ақ тәжік халқын екі маңызды мерекемен – Тәуелсіздік күнімен және Гиссардың 3000 жылдығымен құттықтады.

12.09.2015 | Елбасы «Союз ТМА-16М» экипажының мүшелерімен – кеме командирі Геннадий Падалка, бортинженерлер Андреас Могенсен және Айдын Айымбетовпен кездесті

www.akorda.kz Кездесу барысында Мемлекет басшысы экипаж мүшелерін аман-есен оралуымен және Халықаралық ғарыш стансасындағы маңызды миссияларының аяқталуымен құттықтады.

11.09.2015 | Елбасы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты

www.akorda.kz Іс-шараға Әзербайжан Республикасының Президенті Илхам Әлиев, Қырғыз  Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев, Түркия Ұлы ұлттық жиналысының спикері Исмет Йылмаз, Түрікменстан Үкіметінің вице-премьері Сапардұрды Тойлиев, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, зиялы қауым өкілдері, спорт, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.

11.09.2015 | «Орталық Азиядағы қауіпсіздік саласының жаңа үрдістері» жиынына қатысушылардың баспасөз конференциясы

2015 жылғы 10 қыркүйекте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы директорының орынбасары Т.Шаймергенов пен Америкалық стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының Ресей мен Еуразияны зерттеу жөніндегі бағдарламасының жетекшісі, доктор Дж. Манкофтың баспасөз конференциясы өтті. http://ortcom.kz/ru/briefing/tsentralnaya-aziya-stanovitsya-tsentrom-geo...

10.09.2015 | «ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ШЕТ ЕЛДЕР ТАРИХ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ

2015 жылдың 10 қыркүйегінде Елбасы кітапханасында «Мәңгілік Ел» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында «Қазақстан және шет елдер тарих ғылымының өзекті мәселелері» дөңгелек үстелі өтті.

10.09.2015 | Елбасы Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Рамиль Гасановты қабылдады

www.akorda.kz Кездесу барысында Р.Гасанов Қазақстан Президентіне ұйымның қазіргі қызметі мен ертеңге жоспарланып отырған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің Бесінші саммитіне дайындық туралы баяндады.

07.09.2015 | Елбасы «Викторовское» ЖШС ауыл шаруашылығы кәсіпорнында болды

www.akorda.kz Мемлекет басшысы астық алқаптарын аралап, ауыл шаруашылығы техникаларының үлгілерін көрді. Нұрсұлтан Назарбаевқа сондай-ақ астық дақылдарының ахуалы мен жиын-терін науқанының барысы жөнінде баяндалды.***

Беттер