Жаңалықтар

16.03.2015 | Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы

http://www.akorda.kz/ Елбасының 18 наурызда Президенттің Іс басқармасының Медициналық орталығының Клиникалық-оңалту кешеніне баруы жоспарлануда. Президент мұнда заманауи технологияларды қолдану негізінде мамандандырылған жоғары медициналық көмек көрсететін мекеменің жұмысымен танысады. Сол күні Қазақстан Президенті Ақордада бірқатар шетелдік мемлекеттердің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдайды.

16.02.2015 | Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

http://www.akorda.kz/14.02.2015Мемлекеттер басшылары Украина дағдарысын реттеуге байланысты өткен Минск кездесуінің қорытындыларын талқылады. Украинаның оңтүстік-шығысындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу үдерісін ілгерілетуге қосқан жеке қомақты үлесі үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтқан Украина Президенті осы бағытта одан әрі қарай күш-жігер жұмсай беруін өтінді. П.Порошенко Украина жағы оқ атуды белгіленген уақытта тоқтататынына сендіре отырып, екінші жақтың да осылай әрекет етуі қажет екендігіне назар аударды.

11.12.2014 | Елбасы кітапханасында Н.Ә.Назарбаевтың қазақ тілінде басылып шыққан таңдамалы сөздері жинағы көптомдығының тұсаукесері болып өтті

2014 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында Н.Ә.Назарбаевтың қазақ тілінде басылып шыққан таңдамалы сөздері жинағы көптомдығының тұсаукесері болып өтті.Жинақ Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мемлекеттік-саяси дамуының негізгі кезеңдеріне сәйкес, құрамына 9 кітап кіретін 7 томнан тұрады. Оған Мемлекет басшысының 1989-2013 жылдар кезеңіндегі ең елеулі деген тұғырнамалық және бағдарламалық сипаты бар көпшілік алдында сөйлеген сөздері енгізілген.

11.12.2014 | Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған мерекелік ісшаралар өтті.

2014 жылы 11 желтоқсанда ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы және Астана қ. білім Басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылған мерекелік  ісшаралар өтті.

09.12.2014 | «Әлемді өзгертетін идеялар» Республикалық Байқауының қорытындысы шығарылды

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасының кітапханасы «Әлемді өзгертетін идеялар» атты республикалық байқау ұйымдастырды.       Сайыс «Назарбаев зияткерлік мектептері»  дербес білім беру ұйымы мен  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне қарасты республикалық мектеп-интернаттары арасында өткізілді.

08.12.2014 | Қазақстанның ұстаздар қауымы Елбасының «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатына қолдау білдірді

Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні халқына арнаған «Тәуелсіздік толғауы» қазақстандықтарға қайрат-жігер берді. Н.Ә. Назарбаевтың сарқылмас идеяларына және бастамаларына толы толғауды қолдау мақсатымен Елбасының Кітапханасы Қазақстан бойынша тұңғыш рет алқалы жиын ұйымдастырды.

26.11.2014 | Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

  2014 жылдың 25 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Беттер