Жаңалықтар

02.07.2011 | «Табыс стратегиясы» атты қор көрмесі

   2011 жылдың 2-шілдесінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде «Табыс стратегиясы» атты қор көрмесі орналасқан уақытша тақырыптық экспозициялық жаңа зал ашылды.       Тәуелсіз Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясаты тарихи қысқа мерзім ішінде жаһандық өлшемде табыс стратегиясына айналып, таң қаларлық нәтижеге жеткізді.

03.06.2011 | «Түрлі-түсті мозаика» сайысы

2011 жылдың 3 маусымында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде балалар шығармашылығының сайыс-фестивалі өтті. «Түрлі-түсті мозаика» сайысы - бұл Музейдің «Балалық шақтан көзқарас» жобасы аясындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі мен Балалар көркемсурет мектебінің бірлескен іс-шарасы.

28.02.2011 | «Венгерлік рапсодия» музыкалық кеші

2011 жылдың 28 ақпанында ҚР Тұңғыш Президент Музейінде «Мәдениеттер арқылы үнқатысу» халықаралық жобасының аясында Қазақстандағы Венгрия елшілігімен бірге ұйымдастырған «Венгерлік рапсодия» музыкалық кеші өткізілді. Музыкалық кеш Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерекелік шаралардың бірі болды.

07.12.2010 | Ерекше оқиға

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент Музейінде Тәуелсіздік Күні қарсаңында ерекше оқиға болды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы «Халықаралық ынтымақтастық және достықты нығайту, елдегі мәдениет пен әлеуметтік-экономикалық дамуға қосқан үлесі, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі үшін» Жарлығы бойынша директордың орынбасары К.Ақтаева «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

23.10.2010 | Экскурсиялық жұмыс бойынша әдістемелік семинар

2010 жылдың 19–23 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде Қазақстан Республикасы Туризм мен мәдениетке еңбегі сіңген қайраткер, Петербор гуманитарлық университетінің Алматыдағы филиалының аға оқытушысы Б.Оразымбетованың қатысуымен экскурсиялық жұмыс бойынша әдістемелік семинар өтті.

29.03.2010 | "Нұр Отан" конкурс

   2010 жылдың 15-26 наурызы аралығында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Сарыарқа аудандық филиалы ауданның бастауыш партия ұйымдарының арасында конкурс өткізді.

29.03.2010 | «Сарыарқа-2010» сыйлығана ие болғандарды марапаттау рәсімі Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрының ғимаратында өтті

    2010 жылдың 29 наурызында конкурс қорытындысы жарияланды. «Сарыарқа-2010» сыйлығана ие болғандарды марапаттау рәсімі Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрының ғимаратында өтті.       103 бастауыш партия ұйымдарының арасынан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің бастауыш партия ұйымы «Адал бастауыш партия ұйымы» номинациясын жеңіп алды.       Жеңімпаздар туралы конкурс қорытындысы бойынша дайындалған бейне және фотоматериалдар республикалық конкурсқа қатысуға өтініш беру үшін партияның орталық аппаратына берілді.

04.12.2009 | 2009

Тәуелсіздік күнінің қарсаңында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің ұжымында айтулы оқиға болды. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 4.12.2009 жылғы Жарлығымен музейдің екі қызметкері – Музей құндылықтарын есепке алу және сақтау қызметінің жетекші сарапшысы З.А. Әубәкірова мен Ақпараттық орталық жетекшісінің орынбасары Л.В. Флёрко кәсіби шеберлігі, бастамашылығы және шығармашылық жетістіктері үшін жоғары награда - Қазақстан Республикасы Президентінің құрмет грамотасымен марапатталды.

04.12.2009 | Жоғары награда - Қазақстан Республикасы Президентінің құрмет грамотасы

Тәуелсіздік күнінің қарсаңында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің ұжымында айтулы оқиға болды. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 4.12.2009 жылғы Жарлығымен музейдің екі қызметкері – Музей құндылықтарын есепке алу және сақтау қызметінің жетекші сарапшысы З.А. Әубәкірова мен Ақпараттық орталық жетекшісінің орынбасары Л.В. Флёрко кәсіби шеберлігі, бастамашылығы және шығармашылық жетістіктері үшін жоғары награда - Қазақстан Республикасы Президентінің құрмет грамотасымен марапатталды.

Беттер