Жаңалықтар

31.08.2015 | ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кеңейтілген құрамда өткен кездесу

www.akorda.kz Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржы-несиелік және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ екі ел лидерлері халықаралық күн тәртібіндегі негізгі жайттар бойынша ұстанымдарды қарастырды.

29.08.2015 | Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймыз! Биылғы мерекенің жөні бөлек, мәртебесі ерекше. Өйткені ағымдағы жылы Ата Заңымыздың қабылданғанына – 20 жыл. Яғни, айтулы мерейтой.

29.08.2015 | «ҚАЗАҚСТАН ТРЕНДІ: ТОТАЛИТАРИЗМНЕН ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТКЕ (СЫРТТАЙ КӨЗҚАРАС)» кітабының таныстырылымы

29 тамыз күні сағат 16.00-де Елбасы кітапханасында Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай  «Қазақстан тренді: тоталитаризмнен демократиялық және құқықтық мемлекетке (сырттай көзқарас)» кітабының таныстырылымы өтті.

24.08.2015 | ЕЛІМІЗДІҢ ҰСТАЗДАРЫ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰҒЫМЫН ТАЛҚЫЛАУҒА ЖИНАЛДЫ

2015 жылғы 24 тамызда Елбасы кітапханасында білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі, республикалық педагогикалық кеңесінің панельдік сессиясы өткізілді. Басқосуға жиналғандар «Ұлт жоспары «100 нақты қадам» контексінде білім беру үдерісіне «Мәңгілік Ел» құндылықтарын енгізу» тақырыбын талқылады. Ұйымдастырушылары – ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті мен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы.

21.08.2015 | Елбасы кітапханасында – «Еркін пікір» алаңы

21 тамызда Елбасы кітапханасында «Жас Отан» жастар қанатының астаналық филиалы «Еркін пікір» алаңын ұйымдастырды. «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында өткен іс-шара Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналды.

Беттер