24.07.2019 | «ҰЛЫ ДАЛА ТАРЛАНДАРЫ» ЖОБАСЫ. ИВАН КРЕПАК

Өзінің алғашқы табысын Иван Крепак елдегі ірі банктердің біріне жарнамалық өнім дизайнын дайындау арқылы жеті жасында тапты. Кейін бірінші сынып оқушысы робототехника мен бағдарламалау саласына қызыға бастады. Үйірмеге қабылдаудан бұрын өткізелетін сайыста Иван тапсырманы 4 минутта орындап, бағдарламалық кодты бірінші болып жазғандардың қатарында болады. Робототехник, мобильдік қосымшалардың авторы, «Қазақстанның жүз жаңа есімі» жобасы «Ғылым» номинациясының жеңімпазы Иван Крепактың ғылымдағы жолы осыйлай басталған.

22.07.2019 | САҒЫМ ДҮНИЕ

Елбасы кітапханасының қоры қазақ эстрадасының танымал әншісі, ақын, композитор Батырхан Шөкенов әндерінің «Сағым дүние» атты ноталық басылымымен толықты. Жинақты Батырхан Шөкенов атындағы қор Болат Өтемұратов қорының қолдауымен жарыққа шығарған.

19.07.2019 | ҚАРАПАЙЫМ МЕТАЛЛУРГТЕН ӘЛЕМ ТАНЫҒАН ЛИДЕРГЕ ДЕЙІН

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбек жолы металлургиямен тығыз байланысты екені көпке мәлім. Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі де құрыштай мінезін Қарметкомбинаттың домна пешінде шынықтырғанын әрқашан айтады. Металлург күні қарсаңында (шілденің үшінші жексенбісі) Елбасы кітапханасы өз оқырмандарына Елбасымыздың Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істеген жылдарынан кейбір деректерді жариялайды.

18.07.2019 | «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚАТАРЫ ТОЛЫҚТЫ

Бүгін еліміздің ірі саяси құрылымы – «Nur Otan» партиясының қатары мүшелікке қабылданған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының қызметкерлерімен толықты. 

16.07.2019 | ҚЫТАЙЛЫҚ ҚОНАҚТАР НҰР-СҰЛТАННЫҢ БІРЕГЕЙ ҒИМАРАТЫНДА

Қазақстанның бас қаласында туристік науқан қызып тұр. Нұр-Сұлтан қаласындағы туристер жиі келетін мәдени нысандардың бірі - Назарбаев орталығы. Бүгін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына қытайлық туристер келді.  Меймандар Тәуелсіздігіміз бен Қазақстанның қалыптасу тарихынан сыр шертетін көрмелер мен түрлі жәдігерлерді тамашалап, танысты.

15.07.2019 | ЛАПЫЛ ҚАҚҚАН ОТ: РИЗА ДИГАТИ ОҚЫРМАНДАРДЫ САЯХАТҚА ШАҚЫРАДЫ

Елбасы кітапханасының жинағы тың басылыммен толықты. Гейдар Алиев қорының қолдауымен жарық көрген Риза Дигатидің «Лапыл қаққан от» («The Elegance of Fire») атты кітабы Әзербайжан елінің салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын, ұлттық нақышы мен халқының тұрмысын бейнелейді.

11.07.2019 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНА ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАЛАРЫНЫҢ БАЛАЛАРЫ КЕЛДІ

11 шілде күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына шетелдегі қазақ диаспораларының балалары келді. Ресей, Иран, Моңғолия, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен Қазақстанға келген 175 оқушы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы ұйымдастырған «Ұлы дала ұрпағы» жазғы мектебіне қатысу үшін келген.

10.07.2019 | «ПЕРНЕТАҚТАНЫ БІР ШЕРТУДІҢ» ҚҰДІРЕТІ. ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА АҚПАРАТТАНДЫРУ ҮДЕРІСТЕРІ ДАМЫТЫЛУДА

Елбасы кітапханасы архивтік, кітапханалық, музейлік қызметін автоматтандырудың бірыңғай жүйесін құрумен айланысуда. Мекеменің ақпараттандыру саласындағы үдерістерін жетілдіру Елбасы кітапханасы сайтының қолданушыларына қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Отандық IT-компаниялардың озық әзірлемелері қазақстандық және шетелдік ғалымдар мен зерттеушілердің «пернетақтаны бір шертіп-ақ» кітаптар, құжаттар және жәдігерлердің бай қорларымен танысуына жол ашады.

05.07.2019 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ МУЗЕЙІНДЕ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЕЛОРДАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

4 шілде күні, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасынының музейінде «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық ұйымы «Бірлік» филиалының салтанатты жиналысы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің, қалалық мәслихаттың депутаттары, министрліктер мен ҚР Президенттік Іс басқармасына қарасты ұйымдарда қызмет ететін партия мүшелері және партия ардагерлері қатысты.

Беттер