25.06.2019 | ТЕОРИЯДАН ТӘЖІРИБЕГЕ. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН «LIBRARY-PRACTICUM» ФОРМАТЫНДАҒЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ

25 маусым күні Талдықорған қаласында «Library-practicum» форматында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына негізделген семинар-тренинг өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Алматы облысы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырды.

21.06.2019 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА «НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ: КЕМЕҢГЕРЛІКТІҢ 30 ЖЫЛЫ» АТТЫ КӨРМЕНІ АШТЫ

2019 жылғы 21 маусымда Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің ең жоғары лауазымындағы қызметте болуының 30 жылдығына арналған «Нұрсұлтан Назарбаев: Кемеңгерліктің 30 жылы» атты кешенді тақырыптық көрме ашылды. Көрме хронологиялық тұрғыда ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының ортасынан бастап Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саясатының арқасында Қазақстан әлемге кең танылған қазіргі уақытқа дейінгі кезеңді қамтиды.

21.06.2019 | АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН «КЕМЕҢГЕРЛІКТІҢ 30 ЖЫЛЫ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

2019 жылғы 21 маусым күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры, Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырған «Кемеңгерліктің 30 жылы» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.

20.06.2019 | ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫ КҮНІН ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА ЕЛОРДАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АТАП ӨТТІ

20 маусым күні Елбасы кітапханасында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Қазақстан полициясы күніне арналған іс-шара өткізді.  Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы, əділет полковнигі Ернар Ақылжанов әріптестерін құттықтады:

20.06.2019 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА КИНО АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

19 маусымда «Нұрсұлтан Назарбаев: Жасампаздық дәуірі» атты тақырыптық іс-шаралар апталығы аясында Елбасы кітапханасына ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР ҰҚК Шекара қызметі, ҚР Ұлттық гвардиясының №5573 ӘБ қызметкерлері, Нұр-Сұлтан қ. көлік және коммуникациялар колледжінің ұстаздары мен студенттері қатысты.

17.06.2019 | #ЕLBASYКІTАPHАNАSYNАSAPAR АШЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

2019 жылғы 17 маусым күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында «Әлеуметтік желідегі Елбасы кітапханасындағы үздік сурет» және «Әлеуметтік желідегі Елбасы кітапханасы туралы үздік жарияланым» номинациялары бойынша жарияланған #ЕlbasyКіtаphаnаsynаSapar ашық конкурстың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Бір атап өтерлігі, осыдан бірер ай бұрын Елбасы кітапханасының Баспасөз қызметі келушілерге әлеуметтік желілер арқылы Елбасы кітапханасынан алған әсерлерімен бөлісуге шақырған болатын.

14.06.2019 | ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ 160 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫНЫ «Н.НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ» КӨРМЕСІН ТАМАШАЛАДЫ

2019 жылғы 14 маусым күні Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде осы жылдың сәуір айында тұсауы кесілген Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрме жобасының кезекті кезеңінің жабылу салтанаты өтті. 

13.06.2019 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ПЕДАГОГТАР КЕҢЕСІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАРДЫ ШЫҒАРДЫ

Елбасының кітапханасында 2019 жылдың 11 маусымында Педагогтар кеңесінің отырысы өтті. Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы жанындағы Педагогтар кеңесінің мүшелері, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының өкілдері,  Нұр-Сұлтан қаласының тарих пәнінің мұғалімдері, Елбасы кітапханасының еріктілері қатысты. Күн тәртібінде 2019 жылдың І жарты жылдығына қорытынды жасау және Елбасы кітапханасының жанындағы еріктілерге әдістемелік көмек көрсету туралы мәселелер қаралды.

12.06.2019 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ЕРІКТІЛЕРІ ЖҰМЫСТАРЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАУДА

«Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы Н.Ә.Назарбаевтың саяси бастамалары» атты ғылыми-білім беру жобасы аясында Елбасы кітапханасының музейінде семинар өтті. Аталған семинар барысында 2018-2019 оқу жылындағы Елбасы кітапханасы еріктілерінің қызметі қорытындыланды. 

Беттер