Жаңалықтар

25.11.2019 | «1 ЖЕЛТОҚСАН – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІ» КӨШПЕЛІ ДӘРІСІ

25 қарашада Нұр-Сұлтан қаласындағы Энергетика және байланыс кооледжінде Елбасы кітапханасының жетекші ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғазиз Телебаев «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» көшпелі дәрісін өткізді. Іс-шараға колледж директоры Сәуле Өмірбекова бастаған 70-тен аса оқытушылар мен студенттер қатысты. Алдағы мемлекеттік мерекеге арналған дәріс жаңа кітаптарға, Елбасының бағдарламалық мақалалар мен Жолдауына негізделген.

25.11.2019 | НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Тәуелсіздік Сарайы, Нұр-Сұлтан қаласы Отырысқа «Nur Otan» партиясының Парламент Мәжілісіндегі Фракция  депутаттары, мәслихат фракцияларының хатшылары мен жетекшілері қатысты. Кездесу барысында партия төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек және партия филиалдарының  өкілдері баяндама жасады. Баяндамашыларды тыңдаған соң, Елбасы «Nur Otan» партиясының қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан барлық мүшелерінің еңбегін  атап өтті.

22.11.2019 | КАЗГЮУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «ЕЛБАСЫ. ЖАСТЫҚ. ЖАСАМПАЗДЫҚ» АҚПАРАТТЫҚ-ИМИДЖІК ЖОБАСЫ КӨРСЕТІЛДІ

22 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған Елбасы кітапханасының іс-шаралар онкүндігінің аясында М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде «Елбасы. Жастық. Жасампаздық» ақпараттық-имидждік жоба бағдарламасы ұсынылды.

22.11.2019 | ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК ОҚУШЫЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

22 қарашада Елбасы кітапханасының музейінде Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шаралар онкүндігінің аясында «Елбасының өмірбаяны және жасампаз идеялары» тақырыбында Нұрсұлтан қаласы оқушыларының ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.  Елбасы кітапханасы елорда оқушыларының арасында мұндай конференцияларды ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған.

21.11.2019 | СТУДЕНТТЕР ТАҒЛЫМЫ МОЛ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгін Елбасы кітапханасы музейінде  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен Еуразия гуманитарлық институтының студенттері «Болашаққа жол өзіңнен басталады» оқу семинарында бас қосты.  

15.11.2019 | РУХАНИ НЕГІЗДЕРІМІЗГЕ ЗЕР САЛСАҚ

Осы жылдың 14 қарашасында Елбасы кітапханасының музейінде елордадағы №71 мектеп-лицейдің оқушыларының қатысуымен «Нақыл сөздер және олардың тұлғаны қалыптастырудағы маңызы» атты сабақ өтті.

14.11.2019 | БҮГІН КЕШЕГІДЕН ДЕ ҮЗДІК БОЛ!

14 қараша күні «Болашаққа жол өзіңнен басталады» атты екі күндік семинар-тренинг өз мәресіне жетті. Аталған семинар-тренингке Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті мен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері қатысты.

14.11.2019 | ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІНЕ АРНАЛАДЫ

Бүгін, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының күні қарсаңында Қоғамдық тағам және қызмет колледжінің студенттері «Теңге – ел тәуелсіздігінің нышаны» дәрісіне қатысты.

12.11.2019 | «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: МӘҢГІЛІК ЕЛ АЛЫПТАРЫ» ЖОБАСЫ. СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН

Қазақтың сыршыл ақыны, жалынды жазушысы, мемлекет қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин 1894 жылы 15 қазанда Қарағанды облысы, Шет ауданы, Қарашілік қыстағында дүниеге келген.

Беттер