Елбасы кітапханасы елорданың жиырма жылдығына арналған іс-шаралар қатарын жалғастырады. 2018 жылғы 20 қарашада №4 гимназия мектебі мен №68 орта мектептің оқушылары Елбасы кітапханасының музейінде өткен «Астана – рухани келісім қаласы» дәрісіне қатысты.
2018 жылғы 17 қарашада М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының бірінші орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, профессор Әмірхан Рахымжановтың Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясындағы Елбасы кітапханасының қызметі» атты дәрісі өтті.
2018 жылғы 17 қарашада Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы аясында «Музей саласындағы ақпараттандыру: «Музей» АЖ үшін есеп пен сақтаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу бойынша тәжірибе алмасу» атты ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.
2018 жылғы 17 қарашада Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Елбасы кітапханасы «Елбасы Н. Ә. Назарбаев: өмірбаяны мен жасампаз идеялары» атты семинар-тренинг өткізді.
Елбасы кітапханасының музейінде ұлттық валютаның 25 жылдығына арналған іс-шаралар топтамасы жалғасуда. Осы жылдың 16 қарашасында Еуразия гуманитарлық институты колледжі оқушылары үшін «Теңге – ел тәуелсіздігінің нышаны» атты дәріс өтті.
Ақтөбе облысында өтіп жатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты кешенді көшпелі көрмесі жобасы аясында 2018 жылғы 15 және 16 қараша күндері Қобда мен Алға аудандарында «Тұңғыш» экскурсиялық концепциясы аясында «Тарихи таңдау» қоғамдық-саяси тақырып бойынша тақырыптық көшпелі экскурсиялар өтті.
2018 жылғы 16 қарашада Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде жоғарыда аталған тақырыппен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
2018 жылғы 15 қарашада Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты кешенді көшпелі көрмесі жобасы аясында «Нұрсұлтан Назарбаев – мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделінің негізін салушы» атты өңірлік дөңгелек үстел өтті.
2018 жылғы 14-15 қарашада Атырау мұнай және газ институты мен Қарағанды мемлекетті техникалық университетінің студенттері Елбасы кітапханасы ұйымдастырған «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» екі күндік семинар-тренинг бағдарламасы бойынша оқуларын аяқтады. Студенттер семинар-тренингтен алған әсерлерімен қуана бөлісті.
Ілияс Смайылов, ҚарМТУ студенті:
2018 жылғы 14 қарашада С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханада Елбасы кітапханасының қызметкерлері кітапхана, мұрағат, музей салаларының мамандары үшін «Елбасы кітапханасының ақпараттық ресурстары» атты өңірлік кәсіби сессиясын өткізді.
1921 жылы 19 ақпанда Қызылқоға ауданы Тайсойған ауылында көрнекті ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Ұлы Отан соғысының ардагері, Президенттік...
2019 жылғы 12 ақпан күні, 16.00 сағатта Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы кітапханасында Жастар жылына арналған «Ұлы дала жастары» атты мәдени-көрмелік іс-шаралар топтамаларының салтанатты ашылуы өтеді.
Сіз мәтінді келесі мәтіннен анықтадыңыз:
Есепті аяқтау үшін «Жіберу үлгісін» түймешігін басыңыз. Пікір қосуыңызға болады.