16.05.2019 | ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ИСЛАМ ӘЛЕМІ. ЕЛОРДА СТУДЕНТТЕРІ ДӘРІС ТЫҢДАДЫ

Елбасы кітапханасының музейінде Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс және техника колледжі студенттеріне арналған «Қазақстан және Ислам әлемі» дәрісі өтті. Оның аясында қатысушылар Қазақстанның халықаралық ислам ұйымдарымен өзара байланысын, ислам елдерінің мемлекет аралық дипломатиясын нығайтудағы Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың рөлін талдады.

15.05.2019 | ЕРЛАН ҚАРИН: СИРИЯНЫҢ СОҒЫС АЙМАҒЫНДА БҮЛДІРШІНДЕР ҚАЛМАУЫ ТИІС

Елу мемлекеттің 73 мыңнан астам азаматы Сирияның шет аймағында елге оралуын зор үмітпен күтіп отыр. Төртке жуық мемлекет қана отандастарын тұтқыннан босатуға бар күшін сала алады. Бұл туралы болашақ журналистер мен саясаттанушыларға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин баяндап берді. Белгілі саяси және қоғам қайраткері бүгін «Media Meiman» атты Елбасы кітапханасы жобасының қонағы болды.

15.05.2019 | ДЖЕКИ ЧАННЫҢ ТАРТУЛЫҚ КІТАБЫ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНА КЕЛІП ТҮСТІ

Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев Қытайға сапары барысында белгілі актер Джеки Чанмен жүздесті. Кездесуге Қытай актерінің әріптестері мен шығармашылық ұжымы қатысты. Елбасы әлемге әйгілі тұлғамен кездесу сәтінің түскеніне ризашылығын білдіріп, Қазақстан мен Қытай мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтті. Осы тұста Джеки Чан қос мемлекет арасындағы мәдени ынтымақтастыққа көрсетіп жатқан Елбасының қолдауы үшін зор алғысын айтып, Н.Ә. Назарбаевқа «Мен бақыттымын»  кітабын тарту етті.

06.05.2019 | «ЕШКІМ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАС». ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

6 мамыр күні Елбасы кітапханасында Жеңіс күніне арналған «Ешкім де ештеңе де ұмытылмас» іс-шарасы өтті. Іс-шараға Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі мен астаналық колледждерінің оқушылары, Ұлы Отан соғысы тарихын зерттеп жүрген ғалымдар  қатысты.  Кездесуді ашқан Елбасы кітапханасы директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Ботагөз Қайыпова төмендегідей атап өтті:

06.05.2019 | ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІ ЗАЛЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

Елбасы кітапханасы музейінің Қауіпсіздік Кеңесіне арналған залында № 83 мектеп-гимназиясы оқушылары қатысуымен Отан қорғаушы күніне арналған «Батырлар институты: дәстүр, мәртебе мен қару-жарақ» экскурсия дәрісі өтті. Резиденция кезінде мұнда Жоғарғы бас қолбасшы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары өткен болатын. Бұл залда Елбасының Кедендік одақты құру жөнінде талқылаулары да өтті. Дәл осы залда Қазақстан Президентінің НАТО Бас хатшысы Дж. Робертсонмен кездесуі де өткені есте.

03.05.2019 | ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАСЫ ТУРАЛЫ САБАҚ ӨТТІ

Елбасы кітапханасының музейінде №77 мектеп-гимназия мен №78 мектеп-лицейдің оқушылары «Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері» сабағына қатысты. Айша-Бибі, Қозы Көрпеш и Баян сұлу, Арыстан баба, Бабажы-қатын кесенелері сияқты сәулет өнерінің тарихи туындыларымен танысты. Қожа Ахмет Яссауидің кесенесі олардың айрықша қызығушылығын тудырды.

02.05.2019 | ОҚУШЫЛАРҒА САЙЛАУ ТУРАЛЫ

 2019 жылдың 30 сәуірінде Елбасы кітапханасының музейінде Нұр-Сұлтан қаласының № 74 мектеп-гимназиясы оқушыларына арналған «Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі» экскурсия дәрісі өтті.

02.05.2019 | ҰЛТТЫҚ ҚОРҒАНЫС УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ДӘРІС ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетімен серіктестік жөніндегі меморандумға сәйкес, Елбасы кітапханасы Әлеуметтік-гуманитарлы және ағартушылық жобалар қызметінің жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Сағынтай Бердагулова «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында дәріс жүргізді.

30.04.2019 | САРАПШЫЛАР КЕЗДЕСУІ. ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНА БАРДЫ

2019 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында кітапхана директоры, саяси ғылымдар докторы Әмірхан Рахымжанов Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесті.

Беттер