Жаңалықтар

24.10.2019 | БОЛАШАҚ КӨШБАСШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН САБАҚ

Елбасы кітапханасының музейінде «Жәдігерлер сөйлейді…» сабақтар топтамасының аясында «Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі» экскурсиялық сабағы өтті. Ерекше сабаққа №83 елордалық мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушылары қатысты. Сабақ қазіргі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының негізгі бағыттарын қамтитын «Қазақстан Республикасы: мемлекеттің қалыптасуы және даму стратегиясын белгілеу» экспозициясы орналасқан Мәжіліс залында өтті.  

23.10.2019 | КӨКШЕ ДАРЫНДАРЫ. «ТУҒАН ӨЛКЕМ» БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

23 қазан күні, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының музейінде Көкшетау қ.  Балалар көркемсурет мектебі түлектерінің дипломдық жұмыстары қойылған «Туған өлкем» көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрмеге түрлі жанр мен техникада орындалған 50-ден астам жұмыс ұсынылды.

21.10.2019 | ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

Елбасы кітапханасының музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның мәдени мұрасы әлеміне саяхат» жобасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шара Елбасы кітапханасының, елордалық Білім басқармасының, Нұр-Сұлтан қаласының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жобалық кеңсесінің және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі дирекциясының бірлескен жобасына арналған.

21.10.2019 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ҚОР-ІРІКТЕУ КОМИССИЯСЫ ЕКІНШІ ОТЫРЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Ағымдағы жылда екінші рет Елбасы кітапханасы Қор-іріктеу комиссиясының (бұдан әрі – ҚІК) отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес музейлік қорға жаңадан келіп түскен жәдігерлерді есепке алу және ҚІК-ның құрамына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.

18.10.2019 | ЕЛБАСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ҮКІМЕТТІҢ, «NUR ОTАN» ПАРТИЯСЫ МЕН ОНЫҢ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНДЕГІ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ҚАТЫСҚАН КЕҢЕС ӨТТІ

Кеңесте «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы мен «100 нақты қадам» ұлт жоспары» бағдарламасы қаралды.               

18.10.2019 | ЖАҢА ӘЛЕМГЕ САЯХАТ

Елбасы кітапханасының Мұражайында елордадағы № 38 мектеп-лицейі оқушыларының қатысуымен «Терең мағыналы ғұрыптық заттар – татулық белгісі ретінде» атты саяхат сабағы өтті. Сабақ негізгі әлемдік діндерге арналған экспозиция алдында өтті.             

17.10.2019 | «БОЛАШАҚҚА ЖОЛ ӨЗІҢНЕН БАСТАЛАДЫ» СЕМИНАР-ТЕРНИНГІ. ТЫҢ ИДЕЯЛАР, АРМАНДАР МЕН МАҚСАТТАР

2019 жылғы 16-17 қазан күндері Елбасы кітапханасының қызметкерлері Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары оқушыларының қатысуымен «Болашаққа жол өзіңнен басталады» семинар-тренингін өткізді.

16.10.2019 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КІТАП ТОПТАМАЛАРЫ. СИРЕК БАСЫЛЫМДАРДЫҢ ЖАҢА ТҮСІМДЕРІ

Ағымдағы жылдың басынан бастап Елбасы кітапханасының сирек, коллекциялық және көне баспа басылымдарының қоры жаңа кітаптармен толықты.            1843-1845 жылдармен белгіленген «Шығыс Басқарушылары мен Ақындары шығармаларының қолжазбасының» ғылыми-музейлік құндылығы - жоғары және түркі-мұсылман әлемінің бірегей жазба мәдениетіне жататындығында.

15.10.2019 | НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ЖОҒАРЫ ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

БАКУ. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркі әлемінің Жоғары Орденімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібайға сілтеме жасап. «Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің мәжілісі кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркі әлемінің Жоғары орденімен марапатталды», - деп жазды Айдос Үкібай Twitter парақшасында.

Беттер