Елбасы кітапханасы жаңа музыкалық-поэзиялық топтамамен толықты

«Қазақтың ханы – батырлары!», «Керей мен Жәнібек», «Әз Тәуке», «Бауыржан Момышұлы», «Қазақ елі». Тарихи тұлғаларды әспеттейтін музыкалық туындылар керекулік композитор Назымбек Дүкенбайдың және ақын Серік Елікбайдың қаламынан туған. «Қазақ хандығы тарихынан» деп аталатын жинақ 2015 жылы жарық көрген. Қос кітаптың бірі музыкалық-поэзиялық топтама, екіншісі симфониялық оркестр мен хорға арналған партитуралар. 10 туындының әрқайсысы отансүйгіштікке, ұлттық рухқа толы. Мәселен, «Әз-Тәуке» туындысында «Шекарасын қазақтың, бекем қылған Әз-Тәуке!, Алаштың тар маңдайын, елі қылған Әз-Тәуке» деп көрсетілген.

0U3A8860

«Қазақстанның мемлекеттілігін, егемендігін, тәуелсіздігін, заманауи өзегі мен тарихи барысын жырлайды. Қазақ хандығының уақыт керуені негізіндегі хандар мен батырлар жайлы бүгінгі өлең арқылы дәріптеу, жас ұрпаққа жеткізу қажет», - деп жазады авторлар.

Музыкалық шығармалардың арасында «Қазақ елі» туындысының орны бөлек. Оны керекулік өнер иелері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арнаған. Туындыда Мемлекет басшысының ширек ғасыр ішінде елімізді гүлдендіріп, жер-жаһанға мойындатқаны әспеттеледі.

0U3A8857

Жинақ ұлтымыздың құнды мәдени мұрасы айналатыны хақ. Жаңа музыкалық туындыларды топтастырған кітаптармен Елбасы кітапханасында танысуға болады.