Шубаева Гүлзада Мейірбекқызы, Гуманитарлық колледждің оқытушысы:

02-12-2016

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің жанындағы «Ақиқат» дебаттық клубының ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап «Әлемдік қауымдастық таныған ел» тақырыбында өткізген қалалық турнирі жоғары дәрежеде ұйымдастырылды және өте тартысты болды. Пікірсайыста тыңдалған тақырыптарда қазіргі таңдағы өте өзекті мәселелер қарастырылған. Ойын барысында жастарымыз өздеріне бірқатар ойлар түйді деген ойдамын. Әсіресе батыс мәдениеті тақырыбы қазіргі кездегі өте өзекті мәселенің бірі болғандықтан өте жақсы таңдалып алынған. «Ақиқат» клубының мүшелеріне осындай қызықты да мазмұнды, жастарымыздың ой-өрісін дамытатын ойынды ұйымдастырғаны үшін алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақыттарда осындай кездесулер көптеп өтіп тұрса деген ұсынымызды білдіреміз.