Адибаева Салиха Бейсенәліқызы, № 64 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі

29-08-2016

Елбасымыздың Музейінде «Ата Заң – елдігімнің еңсесі» сабағын № 64 мектеп-лицейінің өткізу мәртебесіне ие болғанына қуанышытымын. Сабаққа дайындық барысында оқушыларымызбен Музей қызметкерлері тығыз жұмыс істеп, өздерінің әдістемелік көмегін аямады. Ал шара жас ұрпағымызды патриоттық тұрғыда тәрбиелеп, елін, жерін сүйетін, Мемлекеттік рәміздерді құрметтейтін азамат етіп тәрбиелеуге бағытталған. Осы игі ісіміз Мәңгілік еліміздің болашағының жарқын болуына өз үлесін қосуға оң әсерін береді деп сенім білдіреміз. Ата Заң күнімен құттықтаймыз! Сіздердің жұмыстарыңызға шығармашылық шабыт тілейміз.