Гулнар

27-03-2014

Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушыларымен бірге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде аттестациядан өтетін мұғалімдерге арналған эксперименталды алаң аясында «Тәуелсіздік – қасиетті ұғым» атты тарихи кеш өткіздік. Мақсатымыз тәуелсіз халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күреске толы тарих беттерін ашып көрсету болды. Осы іс-шара барысында оқушылар әдебие монтажбен қоса, Қазыбек би, Әбілхайыр хан, Амангелді батыр, С. Қожанов, Қайрат Рысқұлбеков сынды тарихи тұлғалар өміріне қатысты сахналық қойылымдар көрсетті. Бастапқы дайындық барысында көп қобалжыдық, қателеріміз көп болды, дегемен бізге шыдамдылық танытып, әдістемелік қолдау мен бағыт-бағдар берген Музей қызметкерлеріне ризашылығымызды білдіреміз. Себебі тарихи кешіміз қатысқан мұғалімдер мен оқушыларға да, өзімізге де қатты ұнады, алғысымыз шексіз. Байқадамова Гүлнар Пернебайқызы, тарих пәнінің мұғалімі