Абылай

27-03-2014

Бүгінгі іс-шара өте тамаша өтті. Балалардың барлығы керемет, жоғары дәрежеде дайындалды. Олар көріністерді қою кезінде сезімге беріліп, тәуелсіздік жолындағы тар жол, тайғақ кешу заманы өз бастарынан өткендей көрсете білді. Сөздерін саралап, ойларын нақты жеткізді. Сыныптастарымның барлығы өздерін нағыз актер сияқты ұстады. Дайындық барысында қиналсақ та, бүгінгі қойылымызға өзіміз риза болдық және қатысып көрген ұстаздар мен оқушыларға ұнады деп ойлаймын. Осындай маңызды үлкен іс-шараға қатыстырып, біздің бар мүмкіндігімізгі көрсетуге қолдау көрсеткен Музейдегі апайларға рахметімді айтамын. Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Ол қиын-қыстау заманда қаншама адам қаза болды, нақақтан жала жабылды, атылды, асылды, қаншама бала анасынан айырылды. Бірақ елім деп еңіреген аға-апаларымыздың сан жылғы күресінің нәтижесінде тәуелсіздікке қол жеткіздік. Дамыған елдермен терезесі тең сөйлесетін дәрежеге жеттік. Осының барлығы Қазақ елінің Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еңбегінің арқасы деп білем. Осы ұлы адам Қазақстанды биікке шығарды. Тәуелсіздік – айбарым. Осы тәуелсіздігімізді ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізейік, достар! Әдеуов Абылай, № 4 мектеп-гимназияның 9 сынып оқушысы