Құрмашова Қаламқас Қаппашқызы

27-03-2014

Құрметті Алма Сағынғалиқызы және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің ұжымы! Сізді хатымыздағы өтінішімізді қабылдап, оқушыларымыздың каникул кезеңінде Музейге келуіне жағдай жасауыңызға және «Елбасытану» курсын ұйымдастырып, дәрістер тыңдауға ықпал еткеніңізге риясыз көнілден алғыс айтамыз! Музейден алған әсеріміз шексіз. Елбасының өмірі мен қызметі жайлы баяндалған ақпараттар оқушылар бойында патриоттық сезім қалыптастырады деп сенеміз. Бізге ерекше ілтипатпен мәдениетті, сауатты қызмет көрсетілді. Сіздерге шығармашылық табыс, ынтымақ пен бірлік тілейміз! Сіздерге мың алғыс! Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Қоғам ауылы Шаймерден Қосшығұлұлы атындағы қоғам орта мектебінің ұжымы атынан Құрмашова Қаламқас Қаппашқызы, тәрбие ісінің меңгерушісі