Любовь Величко

07-06-2013

Мен, Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің қызметкері Величко Любовь Александровна 2013 жылы 1-маусымда әріптестік қарым қатынас жобасымен ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде іссапарда болдым.
Музей қызметкері ретінде әрі жас маман ретінде, еліміздің көшбасшысы Тұңғыш Президент музейінде болуым - мен үшін өте ерекше сапар болды. Біз әріптестерімізбен қарым қатынас орнатып, өзара тәжірибе алмастық. Көреген басшы, салиқалы саясаткер санайтын елбасымызды музейдегі экспонаттар мен тарихи фотосуреттер арқылы жаңа бір қырынан танығандай болдым. Бұл сапардан алған менің әсерім өте мол болды. Музейдегі әрбір қызметтерімен-ақ бүкіл қазақстандықтарға, тіпті әлем халықтарына елбасымыздың, сонымен бірге, әлемдік аренада өзіндік орнын алып үлгерген, тоқтаусыз дамып келе жатқан қазақ елін көрсетуді мақсат еткен әріптестерімнің ерен еңбектеріне сүйсіне қарадым. Алдағы уақытта шығармашылық шабыттары мен жұмыстағы табыстары бір арнадан табылып, еңбектері өрге жүзсін деп тілеймін.