Ернур

27-05-2013

Сырым Ернұр, № 56 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы: «Жастардың бойында лидерлік қасиетті дамыту жағдайлары» элективті курсының барысында тұлғаның бойында лидерлік қасиеттің қалыптасуына отбасы, туған жер, сыныптас, қоршаған ортаның әсері сыныптастарым тарапынан қызу талқыланды. Әрбір сабақты өту кезінде менің бойымда сенімділік, белсенділік нығая түсті. Қорытынды сабақта Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі Әбенов Мұрат Абдуламитұлымен кездесу, ой бөлісу маған үлкен әсер етті. Жалпы курс нәтижесінде келесі өлең жолдары ойымнан өрілді:
Мақсат қойсаң алдыңа асу жетпес,
Үнемі өнеріңді шыңдап бір кес.
Кездескен қиындыққа жол бермей-ақ
Сәтсіздікке бас ұрма, әрдайым өзіңе көмектес.
Қиындықтың түр-түрі бар мұқалтатын,
Қорқақтар қарайды ғой жалтаңдаған.
Мән бермей өте шықсақ бәрі жым-жырт,
Қалмайды адамдар өнеріңе тамсанбаған.
Көзіңді аш жан-жағыңа бір қарашы,
Сенен басқада бар жан баласы
Соларменен ой алмасып бұл өмірде,
Қызығына батсаңшы таңдамашы.
Менсінбеген кейіп танытып жүре берме,
Кеудеңді аспаменен тең ғып жүрме.
Ірі істің жүрегіңде жүзеге асуы үшін,
Жатыр ғой бірліктің бір жүгі сенде.
Жеңіске жалғыз өзім жеттім деме,
өмірге аяқ басып кеттім деме.
Ата-анаңның көмегі керек саған,
Ал достарың қашанда жүрегіңде.