Сейдахметова А.

24-05-2013

Сейдахметова Айсұлу Қуанышқызы, № 4 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі: «Жастардың бойында лидерлік қасиетті дамыту жағдайлары» атты элективтік курстың қорытынды сабағына қатысу мәртебесіне ие болдым. Сабаққа Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми вице-министрі Мұрат Әбеновтің қатысуы, өз ой-пікірімен бөлісуі қатысушыларға үлкен әсерін қалдырды. Сабақ барысында оқушылардың өз ойын толық, ашық түрде жеткізе білуі – курстың нәтижесінде жеткен жетістіктері екеніне көзім жетті. Кездесу сабақтың әдістемелік тұрғыдан шебер ұйымдастырылуы, барысы ұнады. Жоғары деңгейде өтті. Музей қызметкерлеріне осындай шараға қатысуға мүмкіндік бергені үшін үлкен алғысымды айтамын. Және бұл курсты барлық мектептерге тарату қажет деп есептеймін.