«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК меморандумға қол қойылды

«Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ мен «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.  Меморандумға «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ атқарушы директоры Бейсембай Қуанышев пен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Абдрасилов қол қойды.

Меморандумның мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев айқындаған басымдақтарды жүзеге асыру. Атап айтқанда, жастар саясаты саласындағы тиімді ынтымақтастықты зияткерлік элита қалыптастыру арқылы жолға қою, бірлескен ғылыми-зерттеу және мәдени-білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру.

0U3A9017

- Осы меморандум шеңберінде біз біраз жұмысты жоспарлап отырмыз. Ол, мәселен ғылыми зерттеу жұмыстары. Сонымен қатар Академияда қысқа мерзімдік семинарлар бар, ұзақ мерзімді бағдарламалар бар магистрлік, докторлық сияқты. Сол бағдарламалар бойынша оқып жүрген магистранттарды, докторанттарды бір күн осы жерде оқытсақ деген ой бар, - деп түйіндеді меморандумға қол қою барысында Б.Абдрасилов.

0U3A9029