ТӘЖІКСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ЕЛБАСЫНЫҢ КІТАПХАНАСЫНА КЕЛДІ

15 қазан күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасына Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджидин Аслов бастаған делегация келді.   

0U3A9512

Делегация құрамында Тәжікстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Назирмад Ализода,  Тәжікстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Тәжікстан Республикасының ТМД жарғылық және басқа да   органдары жанындағы Тұрақты өкілетті өкілі Козидавлат Коимдодов, Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ТМД басқармасы басшысының орынбасары Фируза Косимова, Тәжікстан Республикасының  Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Кеңесшісі Равшан Бобохонов болды.

0U3A9531

Мәртебелі меймандар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының өмірі мен қызметіне, оның жасампаз идеялары мен бастамаларына арналған көрмелер мен экспозицияларды жоғары бағалады.

0U3A9645  

Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Елбасы кітапханасынаң тілектер кітабында өз ілтипатын білдірді:

- Жастарға, халыққа президент қызметінің барлық кезеңдері, оның өмір жолы туралы білу өте маңызды. Әсіресе бұл мағлұматтар Елбасы кітапханасындағыдай заманауи форматта көрсетілсе. Бұл ересен еңбек – ұлттың болашағы үшін істелініп жатқан үлкен жұмыс, бұл – ұлттың мақтанышы, оның тарихы. Сіздерге көп рахмет!

Біз сіздердің көршілеріңіз екенімізді мақтан тұтамыз. Қазақстан – орасан ресурстарға ие аумақтағы ең үлкен ел. Сіздерде мықты көшбасшы барына, еліңіз қарқынды дамып жатқанына қуаныштымыз. Еліңіздің одан әрі   гүлдене беруін тілейміз. Біз өзара достығымызбен әрқашан да мақтанатын боламыз, - деді делегация басшысы Сироджидин Аслов.

0U3A9571

Тәжікстан дипломаттары Астанада ТМД елдері Сыртқы істер министрлері Кеңесінің және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады.