Өңірлер үшін «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренинг басталды

14 қазан күні Елбасы кітапханасында «Әлемді өзгертетін идеялар» білім беру жобасы бойынша арнайы екікүнді курстан өткен оқу озаттарына сертификаттар табысталды. Олар әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті мен Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері.

0U3A9391

«Әлемді өзгертетін идеялар» білім беру жобасы Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, жаһандық бастамалары мен концептуалдық идеяларын зерделеуге бағытталған.

0U3A9029

Сертификат табыстау шарасына Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Абдрасилов қатысты.

«Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ мен «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумның мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев айқындаған басымдақтарды жүзеге асыру. Атап айтқанда, жастар саясаты саласындағы тиімді ынтымақтастықты зияткерлік элита қалыптастыру арқылы жолға қою, бірлескен ғылыми-зерттеу және мәдени-білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру.

0U3A9017

15-16 қазан күндері – дәріс Алматы қаласы мен Оңтүстік Қазақстан облысының оқушыларына өткізіледі. 20-23 қазанда Елбасы кітапханасының білім беру жобасы бойынша Шығыс Қазақстан облысының және Батыс Қазақстан облысының студенттері оқытылады. Сонымен қатар, Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенттері семинар-тренингке қатысады.

0U3A9053

1 қазан күні басталған жоба барысында елорданың 140 білім алушысы дәрістер мен тәжірибе сабақтары курсын тәмамдап, арнайы сертификаттарын алды. «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренингтің алғашқы қатысушылары – Астана қаласының оқушылары мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенттеріне Елбасы кітапханасына келген Қазақстан мен Украина президенттерімен кездесуге мүмкіндік болды. Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко Кітапхананы 9 қазанда тамашалады.