ЖЕКЕ КІТАПХАНА ҚОРЫНДА – ЖАҢА КІТАПТАР

Жеке кітапхана қоры Мемлекет басшысына авторлар, танымал қоғам және саясат қайраткерлері сыйға тарқан жаңа басылымдармен толықты. Олардың арасында Қазақстан тарихы, құқығы, экономикасына қатысты еңбектер бар.

0U3A8529

А.В.Сидоровичтің «Вектор современного развития и идея Евразийского союза: политико-экономический анализ» (Астана, 2014) кітабы қазіргі заманғы әлемнің экономикалық дамуының заманауи үрдістері мен оның қайшылықтарын шешудегі Еуразиялық одақ идеясының рөлін талдауға арналған.

0U3A8535

Орыс тіліндегі «Уголовное обычное право казахов» ғылыми еңбегі үшінші рет басылып шықты. Бұл монографиялық зерттеудің авторы – қазақстандық белгілі ғалым-құқықтанушы, отандық құқықтану ғылымы мен заң білімінің негізін салушылардың бірі Тайыр Молдағалиұлы Күлтелеев.

0U3A8538

«Великая Отечественная война: вопросы геополитики, экономики и духовности» үш томдығы – «Экономическая газета» баспа үйінің Жеңістің 70 жылдығына арнаған сериясының жалғасы. Жинақ ғылыми, ғылыми-публицистикалық материалдардан құралған. Мұнда Кеңес Одағы мен фашистік Германия арасындағы шешуші жеңімпаз соғыстың геосаяси, экономикалық және рухани-адамгершіл факторларына заманауи ұстаным әрі жаңаша көзқарас байқалады.

0U3A8552

«Мемориальная зона» іздеу отрядының командирі Майдан Құсайыновтың кітаптар сериясы үшінші басылыммен толықты.

0U3A8544

«Ногайцы: XXI век. История. Язык. Культура. От истоков – к грядущему» (Черкесск, 2014) жинағына халықаралық ғылыми-тәжірибелік «Ноғайлар: ХХІ ғасыр. Тарих. Тіл. Мәдениет. Бастаудан – болашаққа» бірінші конференциясынң материалдары енгізілген.

0U3A8545

«Нефть: люди, которые изменили мир» кітабында қазіргі заманғы экономиканың келбетін анықтауға ықпал еткен тұлғалардың өмірбаяндары ұсынылған.

0U3A8547

«Карта и территория: Риск, человеческая природа и проблемы прогнозирования» атты іргелі еңбегі – кәсіби тәжірибесі зор автор Алан Гринспеннің экономикалық болжамдар тарихының квинтэссенциясы.

0U3A8550

«Траблы с Европой. Почему Евросоюз не работает, как его реформировать и чем его заменить» кітабының авторы – Роджер Бутл. Ол – экономика саласы бойынша Вулфсон сыйлығының иегері. Оның айтулы еңбегінде Еуроодақты реформалау қажеттіліктері туралы ойлар сарапталады. Соның ішінде Ұлыбритания мен Еуроодақтың өзара қарым-қатынастарын қайта қарастыру жайында да сөз сапталған.

Жеке кітапхана қорына Қазақстан республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің «Әлеуметтік-маңызды әдебиет түрлері» бағдарламасы бойынша да кітаптар келіп түсті. Олардың арасында танымал ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Фариза Оңғарсынова шығармаларының 12 томдық толық жинағының алғашқы алты томы бар. Сондай-ақ аталған бағдарламадан мынадай жаңа кітаптар кездеседі: Берекет Кәрібаевтың «Қазақ хандығының құрылуы тарихы» монографиясы; Ілияс Есенберлин ой-толғамдарының, сөйлеген сөздерінің, күнделіктерінің және хаттарының жинағы; Ілияс Есенберлиннің поэзиясы; «XX век: портреты выдающихся деятелей» очерктер сериясы, авторы – Ұлы отан соғысының ардагері, құқықтанушы, журналист Ізгілік Дабаев; жазушылар одағының мүшесі, жиырмадан астам өлеңдер, проза, эсселер жинағының авторы Адольф Арцишевскийдің «Однажды после войны» кітабы. Онда соғыс тақырыбына арналған роман, хикаят, әңгімелер топтастырылған.