www.akorda.kz

Қазақстан Президенті киностудия қызметімен, оның жаңа жобаларымен және киноөндіріс үдерісімен танысты. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ «Қазақ Елі» сериалының түсірілім алаңын көріп, шығармашылық топпен әңгімелесті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің құрылуы туралы баяндайтын, жұмыс барысындағы бастапқы атауы «Так сложились звезды» деп аталатын фильм түсірілімі жүріп жатқан алаңда болды.

«Қазақфильм» –  республикамыздың жаңғыртудан кейін сапалы киноөнімдер шығару мүмкіндіктері арта түскен басты киноөндіріс орны.