31 шілдеде Елбасы Кітапханасында қазақстандық-ресейлік «Біз-Мы» жастар форумының ашылуы өтті. Екі күндік форумды Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің қолдауымен Қазақстан жастар конгресі ұйымдастырды.

0U3A3135

Шара Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы жастарының өзара байланыстарын нығайту және жастар саясаты саласындағы халықаралық ынтымақтастығын дамытуға бағытталған. Форум елдеріміз арасындағы аймақаралық және шекаралық ынтымақтастық бағдарламаларын жүзеге асыру аясында өткізілді.

Екі жақтың жас кәсіпкерлері, жастар ұйымдарының өкілдері, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдар Еуразиялық экономикалық одақ аясында жастар кәсіпкерлігін және жастар бизнес-ынтымақтастығын дамыту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ басқосу барысында жұмыссыздықты азайтудағы жастар кәсіпкерлігінің рөлі, жастар ұйымдарының жастар бизнес-бастамаларын қолдауы, жұмыспен қамтуға ықпалдасу жайы назардан тыс қалмайды.

0U3A3164

Форумның ашылуы мен жалпы отырыстан кейін екі ел жастарының өкілдері «Жастар – кәсіпкерлік – карьера» ток-шоуына қатысты. Сонымен қатар жиын бағдарламасында ұйым брендін жасақтау және ілгерілету, кәсіпкерлікті дамытуға арналған әлеуметтік медианы пайдалану, жарнамалық кампанияларды тиімді ұйымдастыру жөнінде шеберлік сабақтарын өткізу қарастырылған. Іс-шаралар қорытындысы бойынша 2015 жылдың қыркүйегінде Сочи қаласында өтетін Қазақстан-Ресей ХІІ аймақаралық форумы аясындағы ІІІ жастар экономикалық форумына ұсыным әзірленетін болады.

Жастардың екі күнге ұласатын кездесуі «Алау» спорт кешенінде футбол матчымен аяқталады.