«Жаңа ұстанымдар. Жаңа әдіс-тәсілдер. Жаңа жаттығулар» тақырыбында еліміздегі жастар ресурстық орталықтарының қызметін жетілдіруге бағытталған семинар-тренинг өтті

29-30 шілде Астана қаласында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы»  мемлекеттік мекемесінде  «Жаңа ұстанымдар. Жаңа әдіс-тәсілдер. Жаңа жаттығулар» тақырыбында еліміздегі жастар ресурстық орталықтарының қызметін жетілдіруге бағытталған семинар-тренинг өтті.

Екі күнді қамтитын жиынға еліміздің барлық өңірлерлерінде ашылған жастар ресурстық орталықтарының басшылары  және жастармен жұмысқа жауапты мамандар қатысуда.

_06A0183

Семинар-тренингтің шеңберінде жастар ресурстық орталықтары мамандарының біліктілігін арттыру, қазақстандық ресурстық орталықтардың үздік тәжірибесімен бөлісу, жастар саясатын жүзеге асырудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында халықаралық тәжірибені зерделеу көзделіп отыр.

Еліміздегі «Жастар»  ғылыми-зерттеу орталығының сарапшылары және Ресей Федерациясы мен Әзербайжан Республикасының жастар саясаты саласындағы шетелдік мамандар өз тәжірибелерімен бөліседі.

Бүгінгі таңда  еліміздегі  жастар ресурстық орталықтарының (ЖРО) саны 200-ден асып жығылған. Аталмыш мекемелерде кейінгі толқын өкілдеріне қол ұшын созатын 2000-нан астам маман еңбек етеді. Жастар ресурстық орталықтары жастар саясатының брендіне айналуы тиіс. Облыста жастардың өзін-өзі дамытуы бағытында ұсынылған мүмкіндіктер, бағдарламалар мен жобалар жайлы ақпарат ЖРО жинақталады. Қазақстанның кез келген өңіріндегі әрбір жас ресурстық орталықтарға жүгініп, өзін үлкен отбасының бір мүшесі ретінде сезінуі тиіс. ЖРО үшін әрбір жас, олардың  тың идеялары мен жобалары маңызды.

_06A0141

Семинар-тренинг күрделі әрі саладағы күрмеулі мәселелерді қамтиды: жастармен мақсатты жұмыс, жастар арасындағы ахуалды сараптау және талдау, жастардың жекелеген санаттары үшін технологиялық пакеттер әзірлеу, саладағы қызметті ақпараттық тұрғыда сүйемелдеу және брендинг.

Жиын барысында Сәтбаев қаласындағы Жастар бастамаларын қолдау орталығы «Сәтбаев -жастарға мейірімді қала 2020» жобасын таныстырды. Оның шеңберінде қалада жастардың өзін-өзі дамытуына барлық мүмкіндіктер жасау әрі үшінші секторды дамыту жоспарланып отыр.

РФ Ресей жастары федералдық агенттігінің өкілі Александр Почкиннің айтуынша, жастар саясатын дамытудың қазақстандық тәжірибесі қызығушылық оятады. Сарапшы «Жастар мейірімді аумақтар» жобасының жүзеге асырылуын және жастар саясаты саласындағы институттар жұмысының тиімділігін бағалау рейтингісінің әзірленуін оң бағалап отыр. Оның айтуынша бүгінде Ресейдегі жастар саясаты саласында да жаңашылдықтар енгізілуде. Бұл ретте қазақстандық әріптестерінен де тоқитындары да бар.

Әзірбайжанның жастарына арналған оқыту орталығының өкілі Наргиз Гурбанова да өзінің тәжірибесімен бөлісті. «Біздің мемлекетімізде әр түрлі салалар бойынша жастар ұйымдары қызмет етеді. Олардың әрқайсысының еріктілер тобы бар. Біз олармен бірлесе республикалық әрі халықаралық деңгейдегі жобаларды жүзеге асырамыз. Баку қаласында өткен тұңғыш Еуропалық ойындарға біздің еріктілеріміз тартылды. Оларға ынталандыру үшін мемлекет қоғамдық көлікте тегін жүру, мәдени шаларға қатысу мүмкіндіктерін ұсынды. Осылайша біздің орнымызды басатын жастарды даярлаймыз. Бұл ретте Қазақстандағы Жастар ресурстық орталықтарының бағыты құптарлық», - дейді ол.

_06A0181

Семинар барысында Елбасы Кітапханасы мен ресурстық орталықтар арасында ынтымақтастық орнату мәселесі қаралды.

Семинар-тренингке қатысушылардың айтуларышна, осы іспетті сұхбат алаңдары туындайтын мәселелерді талқылап, оны шешудің оңтайлы жолдарын айқындауға жол ашады. Сонымен қатар өзге мемлекеттердің тәжірибесін сараптап, қажеттіні кәдеге жаратуға мүмкін бар.

Айта кеткен жөн, оқыту жиынын Қазақстан жастары конгресі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы қолдауымен ұйымдастырды.