РФ Президенті Нурсултан Назарбаевты Александр Невский орденімен марапаттады

www.24.kz

Ресей Президенті Владимир Путин «Н.Назарбаевты Александр Невский орденімен марапаттау» туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады РФ Президентінің баспасөз қызметі.

«Қазақстан-Ресей ынтымақтастығындағы жоспарлардың дамуына, еуразиялық интеграциялық үдерістерді алға жылжытудағы екіжақты ықпалдастыққа қосқан өлшеусіз үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Александр Невский орденімен наградталсын» делінген құжат мәтінінде.