21 қарашада сағ.: 15:00-де Тұңғыш Президент күніне орай, Елбасының Кітапханасында «Тұңғыш-Первый» киноапталығы басталады.

Новый точечный рисунок

Шараны Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің бастығы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры міндетін атқарушы М.Б. ҚАСЫМБЕКОВ ашады.

Апталықтың ашылуында белгілі француз режиссері Режис ГЕЗЕЛЬБАШТЫҢ фильмдерінің премьерасы өтеді.

Киноапталық осымен екінші рет өткізіледі. Биылғы жылдың ерекшелігі – Елбасының Кітапханасы мен белгілі режиссер Р.Гезельбаштың бірлескен жұмысы ұсынылады. «Идеялар әлемді өзгертеді» деген атаумен шетелдіктің көзқарасы арнайы фильмдер циклына түсірілді.

Киноапталықтың тағы бір ерекшелігі – бұл жолы деректі фильмдермен қатар, көркем фильмдер көрсетіледі.

Жобаның мақсаты – киноинновация арқылы Нұрсұлтан Назарбаевтың жасампаздық-шығармашылық өмірі мен қызмет тарихын, тәуелсіз мемлекеттің тарихын, Елбасы кітапханасының бастау алған тарихын әлемге жаңа қырынан таныту.

Апталықтың өту барысында режиссер, продюссер Р.Гезельбаштың («Стереотип күші», «Мүмкіндік», «Ноу-хау», «Сабақтастық», «Негіз», «Білім», «Қозғалыста»), «Қазақстан Республикасының Президенті Телерадиокешені» КЕАҚ-ның («Жасампаз өмір тағылымы»,  «Еуразиялық жоба. Қателікке жол жоқ», «Түркі әлемінің тегеурінді тұлғасы», «Біздің таңдауымыз – Ынтымақ, тұрақтылық және өркендеу»,  «Созидательная сила Лидера») дайындаған деректі фильмдері, сондай-ақ, «Балалық шағымның аспаны» көркем фильмі көрсетіледі.

Киноапталықты 5 000 астам көрермен, соның ішінде Назарбаев Университетінің, Л. Н. Гумилев ат ЕҰУ,  М.В.Ломоносов ат. ММУ Қазақстан филиалының, Қазақ гуманитарлық-заң университетінің, Қаржы академиясының, қазақ экономика университетінің, С.Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық университетінің студенттері мен оқытушылары,  Астана қаласының Назарбаев зияткерлік мектептері пен мемлекеттік меқтеп оқушылары мен мұғалімдері, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының қызметшілері тамашалайды. Киноапталық барысында белгілі адамдармен, фильмдердегі басты рольдерді сомдаған әртістермен кездесулер ұйымдастырылады.

Үздік жастар «Жылдар мен ойлар», «Времена и думы», «Біздің Президент» және «Еркін елдін ертені» кітаптарына ие болады.

Режис Гезельбаш — ранция) режиссер, продюсер, сценарист. 1951 жылы Теһранда дүниеге келген. Гренобль университетінің (Франция) және аудио-бейне коммуникациялық ғылымдар мектебінің түлегі.  Мәдениет саласының дамуына қосқан үлесі үшін 2002 жылы француз билігінің орденімен марапатталған. Канны, Берлин, Пусан, Торонто, Монреаль Халықаралық кинофеставильдерінде  13 жұмысы 76 номинацияға ие болған. 30 000 минуттан астам көркем, деректі фильмдердің, 38 телевизиялық сериалдардың, соның ішінде  «Ниндзя тасбақалары» анимациялық фильмінің (1989 ж.) авторы, продюсері, режиссері. Камбоджи королі Нородом Сиамони, Тайланд королі Пхумипон Адульядет туралы деректі фильмдердің режиссері, 2008 ж. Ocean Film Festival номинациясын алған  Франция Президенті Жак Ширак Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша 2005 ж.  «La Plume» («Қауырсын») деректі фильмін түсірген.  Дүниежүзінің 28 елінде көрсетілген қазақ-француз бірлескен «Ұлжан» (2006) фильмінің продюсері. Жаһандану саласындағы Үздік медиа-тұжырымдамасы үшін  Оңтүстік Корей Президенті Ким Дэ Чжун марапаттаған; Францияның Сыртқы Сауда Министрлігінің медиа және коммуникация саласы бойынша кеңесшісі;  2010 ж. Парижде жарық көрген көп ұлттың бейбіт өмірі туралы баяндайтын “L’enfant Kurde” биографиялық новелласының авторы.