Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында болды

А.Ш. Атамбаевтың мемлекеттік сапары аясында Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында болды.

А.Атамбаева4, 07.11.14

Айта кету керек, биыл ашылған Елбасының Кітапханасы қоғамдық өмірде өз орнын алып үлгергерді.

Кітапхана өз жұмысында Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму жолындағы Мемлекет басшысының жасампаз идеяларына, бастамаларына және жобаларына қолдау көрсетіп, зерттеуді басымдыққа алады. Өйткені, әлем Қазақстан Жолының жетістіктері мен оңтайлы нәтижесін Президент  Н.Ә. Назарбаев тұлғасымен байланыстырады.

Елбасы мәртебелі мейманды «Бұлтты қор-мұрағаты 20+» жұмысымен таныстырды. Жаңа «бұлтты» технологияны енгізу арқылы Қазақстан бойынша тұңғыш жаңа буынды электронды мұрағат пайда болып, бірегей ақпараттық қор жасалды.

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентіне «Әлемді өзгертетін идеялар» атты интерактивті білім беру орталығын көрсетті. Білім беру орталығы Елбасының көптеген концептуалды ойларымен терең танысуға, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін айқындауға мүмкіндік береді.  Замануи ақпарат технологиясының көмегімен білім беру, тәрбиелеу бағдарламалары   келушілердің жас ерекшеліктері мен қызығушылықтарын ескеру арқылы дайындалған.

16

Оқытушылар мен оқушыларға ақпараттық және әдістемелік семинарлар өткізу арқылы Кітапхана білім беру жобаларын ұсынады. Бұл орталықтың қалай жұмыс істейтінін, білім беру қызметіне енгізілген жаңашылдықтармен Елбасының кітапханасы құрған «Кемел Ел» жастарды тәрбиелеу орталығының мүшелері, Астана қаласының № 38 мектептің 9-10 сынып оқушылары айтып берді.

Қос Президентке өз қызметі туралы баяндағандардың бірі «Кемел Ел» жастарды тәрбиелеу орталығының төрағасы, «Жас Ұлан» Республикалық мектебінің 11 сынып оқушысы Ақтөре Естаев Елбасына: «Біз бұл жерге Кітапхананың ашылған күнінен бері келеміз. Өз Отанымыз мен өз халқымызға адал қызмет еткіміз келеді. Сол себепті, сіздің идеяларыңызды зерттейміз» - дейді.

А.Ш. Атамбаевты Елбасының мобильді кітапханасы ерекше қызықтырды. Бұл электронды қосымша Мемлекет басшысының кітаптарын барлық қалта телефон мен планшет иелеріне қолайлы болып келеді. Ғаламторға қосылған әр адам оны жеке ұялы телефонына оңай көшіріп ала алады. Мобильді кітапхананың жұмысы туралы толығырақ 11 сынып оқушысы айтып берді.

Мемлекет басшысы А.Атамбаевты Жеке Кітапханасымен де таныстырды. Мейман тақырыптарға бөлінген кітап жиынтығын тамашалады. Ескеретін жайт, Кітапхана әлемдегі электронды кітапханалармен ынтымақтастықты нығайтып келеді. Ол арқылы 14 млн. ақпарат көзі қол жетімді болды.

25

Шара барысында Мемлекет басшысына алғашқы 01 нөмірлі оқырман билеті табысталды.

22