2014 жылдың 29 қыркүйегінде  "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы" кітапханасы Астана қаласының әкімшілігі Білім басқармасының, "Астана дарыны" өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының білікті мамандарын, тарих пәнінің ұстаздарын  "Әлемді өзгертетін идеялар"   дөңгелек үстеліне шақырып, бас қосты.

1

Бүгінгі күні кітапхананың интерактивтік контентінде  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ынтасы мен идеялары толық жиналған. Келушілерге танысуға ыңғайлы болу үшін жинақ  алты интерактивтік үстелге  топтасқан.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Елбасының идеялары мен саясатын толық насихаттау, қалың  халыққа жеткізу. Осы бағытта  жұмыла ұйымдастырылған жұмыста  мұғалімдердің рөлінің бағасы жеткізсіз.

"Әлемді өзгертетін идеялар" дөңгелек үстелінің бағдарламасына қатысушылар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының, Астана қаласы Білім басқармасының, «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының қызметкерлері, қала мектептерінің тарих пәнінің мұғалімдері. Қамтылуы - отыз бес адам.

2

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының"  ақпараттық саясат және коммуникация бөлімінің басшысы өз сөзінде мем­лекеттік мекемесінің қоғамымыз үшін маз­мұны ерекше екенін айтты. Ол Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихы оның Тұңғыш Президентінің идеялар тарихынан құралады. Дәл осында Елбасының қызметі туралы толық әрі жан-жақты ақпараттар жинақталған.

- "Елбасы кітапханасының негіз­гі ерекшелігі – қызметтегі Президенттің кітапханасы болуында әрі Елбасының жасампаз идеяларының жаңа көкжиектер мен перспективаларға жол ашатынын айғақтай алуында. Президенттік кітапханалардың маңыздылығы сол мемлекеттің даму, қалыптасу жолын көрсете алуымен, саяси оқиғаларға түсінік бере алуымен, сондай-ақ, мемлекетті басқарған басшының тұлғасын айқындап беруімен өлшенеді.

Ол үшін барлық жағдай жасалған. Сол ретте, жалпы жастарды Мемлекет басшысының идеялары мен ынтасын зерделеу мен зерттеуге тарту ұстаздардың қатысуынсыз мүмкін емес. Сондықтан да, біздің жиналған себебіміз, мүмкіндігінше өзара қарым - қатынас жолдарын қарастыру.

Біздің мекемеміздің есігі өз практикасына инновациялық оқу әдістемесін енгіземіз дегендерге әрдайым ашық. Сіздерді бірігіп жұмыс атқаруға шақырамын".

Құнанбаева Гаухар Қалымбекқызы № 70 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімінің баяндамасы: «Кеңестік империяның қираған орнында жаңа мемлекеттер пайда болды. Олардың көбісі қантөгіссіз және ішкі шиеленістерсіз бейбіт өмір сүре алған жоқ. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өз елінде ғана емес, сонымен бірге көрші мемлекеттерде де жауапты саясаткер ретінде көріне білді. Оның бітімгершілік идеялары аймақтағы қауіпсіздік жүйені құрудың негізіне айналды. Экономикалық жаһанданудың сын-қатерлеріне Н.Назарбаевтың тұжырымдаған интеграциялық жауабы нақты мемлекетаралық одақтарда іске асты. Қарапайым адамдар мүдделерінің басымдығы, превентивті бітімгершілік, тең құқықтық пен өзара құрмет тұту принциптерінде елдердің экономикалық ықпалдасуы, ұлттардың мәдени және рухани жақындасуы–осындай Н.Назарбаевтың принциптерінің арқасында Қазақстан аймақтағы көшбасшы мәртебесін иеленді.

Мен өзімнің оқушыларыммен бірге осы  кітапханаға келіп Тұңғыш Президенттің идеясы мен ынталарын зерттегім келеді».

5

6

Сүлейменов Еркебұлан Тасболатұлы №38 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімінің баяндамасы: «Тарихи 1991 жылы «соңғы күнқаруынан» бас тартқан Нұрсұлтан Назарбаев қауіпсіздікті құрудың баламалы түрін көрсетті: жаппай қару шығарудан бас тартып, еркін түрде бейбітшілік орнату. Сенім – қазіргі таңдағы әлемдегі сирек ресурстардың бірі және Нұрсұлтан Назарбаев АӨІСШК (Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі) құрып, оны Орталық Азия аймағы қауіпсіздігінің негізі етіп алды. Қазақстан Президенті Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын құруды ұсынып, түрлі күштердің мүдделерін тепе-теңдікте ұстау жолын тапты. Осы тұрғыда мектепте пән аралық байланыстары бар сабақтар өтіледі, енді мектепаралық Елбасы идеяларын талдау жұмыстары жүргізілуі тиіс. Мектеп араларында өзара ынтымақтастық та болады.

Менің ұсынысым: Президентіміздің  идеяларын жүзеге асыру мақсатында тек қана тәрбие сағаттарын, үйірмелерді ұйымдастыру ғана емес арнайы факультативті сағаттар қарастырылса. Мысалы, "Елбасы идеяларын тану».

7

№ 58 орта-мектебінің тарих пәні мұғалімі Хасен Масқұт: «Мен  «Тұңғыш Президент» тақырыбына бірнеше жыл бұрын факультативтік бағдарлама жазғанмын, бірақ өкінішке орай бұл көзден таса, көңілден тыс қалып қойды. Енді Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасы яғни сіздер демеу берсеңіздер осы тақырыпты қайта жаңартуға дайынмын».

9

№ 65 орта-мектебінің тарих пәні мұғалімі Әбденова Исшат Ибрайқызы:

«Тұңғыш Президент-Кітапханасы өзінің ерекшелігімен, сұлулығымен таңдай қатқызбай қоймайды. Кітапхана контенті мұғалімдерді, оқушыларды  Мемлекет басшысының идеялары мен саясаты туралы басқа еш жерде жоқ үлкен ауқымды ақпараттармен қамтиды.  Біз осындай керемет білім ордасы ашылғанына өте қуаныштымыз».

10

Іс-шара біткеннен соң дөңгелек үстел қатысушылары естелікке суретке түсіп, эксурсияға жөнелді.

13

14

"Мобильдік кітапхананың" атқаратын міндетін көрсетілуде

15

Президент Кітапхана­сына тәуелсіздік жылдары Елбасы салған идеологиялық даңғыл жолды көздің қарашығындай сақтап, оны келер ұрпаққа аманаттау жүктеліп отыр.