Назарбаев Орталығында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы талқыланды

БАСПАСӨЗ АҚПАРАТЫ

Назарбаев Орталығында  Қазақстан Республикасының Президенті

Н. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы талқыланды

 

        30 қаңтар, 17. 00 сағ. Назарбаев Орталығында Астана қаласының Алматы аудандық «НҰР ОТАН» партиясы филиалының бастауыш партиялық ұйымының ашық жиналысы өтті. Онда «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының басым-бағыттары талқыланды.

Фото

2014 жылдың 17 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға 90 астам Назарбаев Орталығының қызметкерлерінен құралған партия мүшелері қатысты.

Жиынның бас спикері «Нұр Отан» партиясы ақпараттық-насихат тобының мүшесі, Халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану бөлімінің  жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының  кандиданты, доцент Жамаладен ИБРАГИМОВ болды.

Одан басқа, Назарбаев Орталығының экскурсия бөлімінің бастығы Айгүл РАХТАЕВА, Елбасы белгілеп берген «Қазақстан –2050» стратегиясы – ұлттың ұлы бағдары екенін айта келіп, өзінің баяндамасының көп бөлігін  ЭКСПО-2017 көрмесіне арнады. Ол қала қонақтары мен туристер үшін экскурсия жүргізушісі, аудармашы, еріктілер сияқты көрме кезінде қажет болатын мамандарды дайындауды қазірден бастап, араб, испан, француз, чех, португал тілдерін үйрету бойынша тіл дәрістерін ашуды ұсынды. Сонымен қатар, Айгүл Нұриденовна мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да көмек көрсету мәселесіне назар аударып, оларды болашақта қолөнер, зергер, ұсталық, шебер жұмыстарына тарту қажет екенін атап өтті.

Назарбаев Орталығының ақпараттық-имидждік жұмыс қызметінің аға сарапшысы Мәншүк БЕКЕНТАЕВА, сөз алып «Президенттің Жолдауы барлық қазақстандықтардың болашақ жұмыс жоспарын, дамудың басым-бағыттарын айқындайды. Осы арқылы біз үлкен жетістікке жетеміз» дей келе, алдағы уақытта белсенді жұмыс істеуге шақырды.

            Жиын қортындысы бойынша Астана қаласының Алматы аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалына еріктілерді дайындау  туралы, сондай-ақ  Назарбаев Орталығының Қызмет басшылары мен қызметкерлері Президенттің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» халыққа Жолдауын талқыланғаны жөнінде қаулы қабылдады.