Назарбаев Орталығы Қазақстанның олимпиада құрамасын қолдауға арналған «БІРГЕ! ЖЕҢІСКЕ!» атты жалпыреспубликалық акция өткізді

БАСПАСӨЗ АҚПАРАТЫ

 

Назарбаев Орталығы Қазақстанның олимпиада құрамасын қолдауға арналған «БІРГЕ! ЖЕҢІСКЕ!» атты жалпыреспубликалық акция өткізді

«Мен біздің спортшыларымыз стадионға жүздеген болашақ чемпионның келуіне үлгі болатынына сенемін. Әлемдік спорттағы жетістіктер – мемлекеттің мүмкіндігінің ең жарқын көрінісі. XXI ғасырда тек күшті және денсаулығы мықты ұлт қана бәсекеге қабілетті болады.

...Біздің спортшыларымыздың табыстары – саламатты өмір салтының көрнекті насихаты. Егер әрбір қазақстандық біздің олимпиадашыларымыз қол жеткізген мақсатқа ұмтылатын болса, онда Қазақстан міндетті түрде алдыңғы қатарлы елге айналады!»

Н.Ә. НАЗАРБАЕВ

Астана қаласының Орталық саябағында Қазақстанның олимпиада құрамасын қолдауға арналған «БІРГЕ! ЖЕҢІСКЕ!» атты жалпыреспубликалық акция өтті.

Акцияны Назарбаев Орталығы ұйымдастырды. ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің қолдауымен өткен шара XXII қысқы Олимпиада қарсаңында қазақ елінің спортшыларына қолдау көрсетуді мақсат тұтты.

Акция аясында қатысушылар шаңғы тебу, шанамен сырғанау, биатлон, допты хоккей сынды бірнеше қысқы спорт түрлерінен бақ сынады. Назарбаев Орталығының қызметкерлері мен Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері жекелей сында сондай-ақ  топтық жарыста шеберлік байқасты. Жарыс қорытындысында жеңімпаздарға дипломдар мен медальдар табыс етілді.

 Шараның ашылу салтанатында Олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының басқарушы директоры Юрий МЕЛЬНИЧЕНКО, Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының міндетін атқарушы Рамазан ОСПАН жарыс қатысушыларына ақ жол тілеп, сөз сөйлейді:

«Еліміздің спортшылары талай спорт додаларына қатысып, біздің көк туымызды желбіретіп, біздің мақтанышымызға айналды. Ал біздің оқушыларымыз үшін олар үлгі алатын тұлғаларға айналды. Біздің спортшыларымыз Сочиде болатын олимпиадада жоғары жетістіктерге жетіп, биіктерден көрінеді деп сенемін.

Спортшыларымыздың жеңіске деген ерік-жігері, күш-қайраты, олардың рухы, олардың табандылығы бүгінгі акцияға қатысушыларға және жас спортшыларға үлгі болады деп сенемін.

Бірге жеңіске жете берейік!  Салауатты өмір салтын насихаттайық! Жеңіс тұғырынан табылатын сәттеріміз көп болсын», - деді Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының міндетін атқарушы.

Айта кетейік, тартысты таластың жалпыкомандалық есебінде Назарбаев Орталығының құрамасы топ бастады.

Қазақстанның олимпиада құрамасын қолдау үшін «БІРГЕ! ЖЕҢІСКЕ!» ұранымен өткен спорттық жарысты еліміздің барлық облыстары қолдады.